Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы биылғы жылы Қазақстан халқына арналған Жолдауында еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру мәселесіне тоқталып өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда «Коронавирусқа қатысы жоқ ауруларға байланысты ахуалды нашарлатып ал¬мауымыз керек. Пандемия кезінде жоспарлы скри¬нингтер мен ота жасау кейінге қалып жатыр. Бұрыннан бар стандартты екпелер көптеген балаларға салынбай қалуда. Әрине, бұған жол беруге болмайды. Медицина саласына қомақты қаржы құю керек. Бұл қаражат инфрақұрылымға, маман даярлауға және халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жұмсалуға тиіс» деген болатын.

Президент тапсырмасына сәйкес, қазіргі таңда аймақта денсаулық сақтау саласы бойынша ілкім істер атқарылып келеді. Әлемді әбігерге түсірген пандемияның салдарынан қаншама адам ажал құшты. Осы орайда облыста өлім-жітімнің алдын алу мақсатында оттегі стансасы жұмысын бастады. Пандемияға байланысты арнайы фильтр аппараты жұмыс жасауда. Бұл індеттен екі өкпесі қысылған сырқат жандарға демеу болды.

Жалпы, Сыр өңірінде медицина саласы қарқынды дамып келеді. Еліміз Тәуелсіздігін алған алғашқы жылдары облыстық консультативтік диагностикалық орталық ашылды. Орталықтың ашылуы аймақтағы денсаулық сақтау саласының ілгерілеуіне көп септігін тигізді. 1998 жылы облыс орталығында көп салалы медициналық кешен бой көтеріп, сырбойылықтарға есігін айқара ашты. Заман талабына сай жабдықталған медициналық ұйым 20 жылдан астам уақыттан бері Сыр жұртшылығы үшін күндіз-түні қалтқысыз қызмет етіп келеді.

Сонымен қатар балалар ауруханасы да жаңа, әрі кең ғимаратқа көшіп, ел ертеңі болған ұрпақтардың денсаулығын нығайтуға атсалысып, күрделі оталар жасалып келеді. Бүгінде толыққанды цифрландыру жүйесімен қамтылған бұл ауруханалардағы мамандар шет мемлекеттерден тәжірибеден өтіп, өз біліктіліктерін арттырып келеді. Соның арқасында дәрігерлер уақыт күттірмейтін күрделі оталарды өз өңірімізде жасап, халық алғысына бөленуде.

Тәуелсіздік алған жылдардан бері елімізде медицина саласы қарыштап дамыды. Оның бір дәлелі ретінде сала бойынша Сыр өңірінде атқарылған жұмыстардан аңғаруға болады.

Қоғамдық қабылдауларда, халықпен кездесулерде де салаға қатысты оң пікірлерді жиі естиміз және тұрғындардың көкейінде жүрген ұсыныс-пікірлерді, сан сауалдарды қалт жібермеуге тырысамыз. Кері байланыс – біздің басты мақсат.

Аманжол ОҢҒАРБАЕВ,

Қызылорда облыстық мәслихат депутаты,

«Nur Otan» партиясының мүшесі

Тағы да оқыңыз: