Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясы облыстық филиалы алаңында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Руслан Ибрагим қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтардың мәселелерін тыңдады. 

Қабылдауға келген тұрғын өзінің Арал ауданына қарасты Сексеуіл кентінің тұрғыны екенін айтып, елді мекен ішіндегі көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргізу және аудан орталығы – Арал қаласына дейінгі 17 шақырымдық жолдың құрылысына қатысты сауалдарын жеткізді.

Тұрғынның сұрағына басқарма басшысының орынбасары тиісті түсіндірме берді. Оның айтуынша, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы негізінде Сексеуіл кентіне кіреберістен бастап жүргізілетін жол құрылысының көлемі айқындалып, қаржы бөлінген. Аталған жоба бойынша құрылыс жұмыстары биыл басталады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Сексеуіл кентіндегі М.Шоқай, С.Жаналиев, Т.Бигелдинов және Қ.Рысқұлбеков көшелеріне жол құрылысы қай уақытта жүргізілетіні туралы мәселе қосымша зерделеніп, нәтижесі тұрғынға хабарланатыны айтылды. Азамат өтініші тіркеліп, партиялық бақылауға алынды.

Тағы да оқыңыз: