Kyzylorda-news.kz “AMANAT” партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Төрешова Ләйлә Бегалықызы қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтардың өтініштерін тыңдады.
Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындар қоғамдық жерлерде интернет қолжетімділігін арттыру, тұрғын үй-коммуналдық жұмыстар мен әлеуметтік қолдау шаралары бойынша өтініштері мен ұсыныстарын ортаға салды.
Айтылған барлық өтініштер бойынша тиісті орындармен байланыс жасалып, заңды кеңестер берілді. Газ құбырын жөндеу өтініші бойынша тиісті шаралар қабылданып, мәселе оң шешілді. "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ филиалымен байланысқа шығып, жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етілді.
Партия бастамасын жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» және «Қарызсыз қоғам» жобалары жайлы ақпарат беріліп, кәсіп ашуға және қаржылық сауаттылық арттыруға мол мүмкіндіктер қарастырылғаны түсіндірілді.
