Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары Ермұхан Жұмабектің қатысуымен онлайн жиын өтіп, онда партияның Қызылорда, Түркістан, Жетісу және СҚО қоғамдық қабылдау бөлмелерінің қаңтар-тамыз айларында атқарылған жұмыстары бойынша есеп берді.
Жиында партияның облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Нұрлан Абдукаримов атқарылған жұмыстарды баяндап, хабарлама жасады.
Бүгінгі таңда Сыр өңірінде партияның 10 қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс жасайды, оның ішінде -1 облыстық және 9 аумақтық филиал.
8 ай қорытындысымен облыс бойынша 5581 өтініш тіркеліп, 3590 өтініш, яғни 64,3 пайызы оң шешілген. 1107 қабылдау өткізіліп, 3812 адам қамтылған.
Қабылдаулардың 32,7%-ы фракция мүшелері, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының қатысуымен өткізілді (362). Одан кейінгі қабылдаулардың 22,7%-ы партия өкілдерінің үлесінде, онын ішінде, филиал төрағалары мен атқарушы хатшылары және өзге де партиялық актив өкілдерінің қабылдаулары (252), 22,6%-ы жергілікті атқарушы орган басшыларының қабылдаулары (251).
Келіп түскен өтініштердің ішінен облыс бойынша ең өзектілері жұмыспен қамту және еңбек қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік қолдау шаралары.
Сондай-ақ мобильді қабылдау аясында 2025 жылы есепті кезеңге дейін облыс бойынша 76 мобильді қабылдау өткізіліп, 825 тұрғын қамтылды, 452 мәселе оң шешіліп, 279 өтінішке қолданыстағы заңнама аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
94 мәселенің орындалуы бақылауға алынды.
Мұнан бөлек «Құқықтық көмек», наказдар және «Е-Өтініш» платформасындағы өтініштер бойынша да жұмыстар ұдайы жүргізілуде.
Партия филиалына келіп түскен әрбір өтініш бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіліп, құзырлы мекемелермен бірлесіп шешу қарастырылады.
Тұрғындардың өтініш-тілектерін қабылдап, мүмкіндік шегінде және заң аясында жүзеге асыру шаралары жалғасын табатын болады.
