Kyzylorda-news.kz.  Жақында Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Әбдбдрахман Құлдүйсеновтың төрағалығымен кеңес отырысы өтті.

Жиынға аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық мәслихат аппаратының басшысы Бақтыбай Жүсіпалиев, мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаменті, мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас маманы Е.Бөлебаев онлайн ZOOM платформасы арқылы, аудан әкімі аппаратының басшысы Самат Смағұлов, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ғалымжан Ақжігітов, дербес бөлім басшылары мен үкіметтік емес ұйым жетекшілері және ауылдық округтердің әкімдері ZOOM платформасы арқылы онлайн қатысты.

Алдымен күн тәптібінде төмендегі мәселелер қаралды. Атап айтсақ, бірінші, аудан көлемінде жастар арасында және кәмелетке толмағандар арасында жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелеріне (Жол қауіпсіздігі. Өрт қауіпсіздігі. Судағы қауіпсіздік ережелері) байланысты атқарылып жатқан жұмыстар туралы. Екінші, аудандағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын қызметкерлерінің жұмыс уақытын тиімді пайдалану, ішкі еңбек тәртібін сақтау және оны нығайту барысындағы атқарылып жатқан жұмыстары жайлы. Үшінші, Төретам кенті әкімдігі мен Жаңажол ауылдық округі әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсету барысы және жергілікті атқарушы орган ретінде нәтижелі жұмыс жасаудағы есебі. Төртінші, «Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №249 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының шешім жобасы жайлы. Бесінші, аудандық бюджеттің атқарылуы жайлы жылдық есебі. Алтыншы, «Қармақшы аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау Әдістемесін бекіту туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының шешім жобасы жайлы. Жетінші, «Қармақшы аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» аудандық мәслихатының шешім жобасы жайлы. Сегізінші, «Қармақшы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 ақпанындағы №11 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» аудандық мәслихатының шешім жобасы жайлы. Тоғызыншы, «Қармақшы ауданы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 673 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қармақшы ауданы әкімдігінің қаулы жобасы жайлы. Осы мәселелер бойынша тиісті сала басшыларының есебі мен хабарламасы тыңдалып, жан-жақты талқыланды. Қоғамдық кеңес тарапынан шешім қабылданып, шешім жобаларына келісімдер және тиісті ұсынымдар берілді.

Ауданда тұрғын үй өрті оқиғаларының көбейіп отырғаны, сонымен қатар адамдардың суға кету фактісі өткен жылмен салыстырғанда өскені атап көрсетілді. Қауіпсіздік ережелерінің толық сақталмауы, осы оқиғалардың алдын-алуда кемшіліктер орын алып отырғаны, аймақта жағажай мәселесі жеткілікті зерттелмегені айтылды. Одан бөлек мекеме басшылары тарапынан жұмыс уақытын тиімді пайдалану, ішкі еңбек тәртібін сақтау және оны нығайтуда да кейбір кемшіліктерге жол берілуде. Жұмыс уақытынан тыс және демалыс күндері жұмыс жасау кездеседі. Түрлі кеңестерді, шараларды жүйелеп, бірлестіре отырып, уақытты тиімді пайдалану мүмкіндіктерін жете қарастыру қажет. Мемлекеттік қызмет көрсету мен әкімдіктердің атқарып жатқан жұмыстарының жариялығын арттыруға жете көңіл бөлу керек. 

Мекеме басшыларына аталған кемшіліктерді жойып, жұмыстарды жолға қою мақсатында ұжымда отырыс өткізіп, әрбір қызметкерге жеткізу және қорытындысын хабарлау ұсынылды.

Тағы да оқыңыз: