Kyzylorda-news.kz. Жақында Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсеновтың төрағалығымен кеңес отырысы болып өтті.
Аудандық қоғамдық кеңес отырысына Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Самат Смағұлов, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Н.Сүлейменов, («ZOOM» платформасы арқылы онлайн қатысты), аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, қаралатын мәселелер бойынша есеп беретін және мониторинг жүргізген комиссия мүшелері, Жосалы кентіндегі мектеп директорлары, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды. Бірінші кезекте «Аудан көлемінде мектептердегі, Қармақшы аграрлы техникалық колледжіндегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету,бақылау камералары, өткізу режимі, күзет дабылы, дабыл түймелеріне байланысты атқарылып жатқан жұмыстар туралы» тақырыбында Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің бас маманы Нәзен Бахадурова мен Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің директоры Бауыржан Сайдулланың баяндамалары тыңдалды.
Екінші кезекте «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қармақшы аудандық архиві» филиалының аудандағы атқарып жатқан жұмыстары, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен нәтижелі жұмыс жасаудағы есебі» тақырыбында «Қармақшы аудандық архиві» филиалы басшысының міндетін уақытша атқарушы Г.Абиева баяндама жасады. Мұнан соң «Аудандық бюджеттің атқарылуы жайлы жылдық есеп».
Қармақшы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жанар Ниматулла есеп берді. Келесі кезекте «Ауданда халықты электр энергиясымен қамтамасыз етудің жай-күйі туралы» Қармақшы аудандық электр торабының бастығының орынбасары Т.Кенбаев баяндама жасады. Ал «Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 77 шешiмiне өзгеріс енгізу туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының шешім жобасы жайлы Қармақшы аудандық жұмыспен қамту жәнеәлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғалымжан Ақжігітов хабарлама жасады. «Қармақшы ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының шешім жобасы жайлы Қармақшы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы М.Саршаеваның хабарламасы тыңдалды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті мекемелердің басшылары мен жауапты қызметкерлердің есебі тыңдалып, талқыланды.
«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қармақшы аудандық архиві» филиалының аудандағы атқарып жатқан жұмыстары, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы жайлы атқарылған жұмыстары туралыҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Н.Сүлейменов «Қармақшы аудандық архиві» филиалының жұмысына байланысты бірқатар сұрақтар қойып,жасалған есептер бойынша қоғамдық кеңес мүшелері ұсыныс пікірлерін білдірді.
Кеңес отырысында «Аудан көлемінде мектептердегі, Қармақшы аграрлы техникалық колледжіндегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету,бақылау камералары, өткізу режимі, күзет дабылы, дабыл түймелеріне байланысты атқарылып жатқан жұмыстары туралы» мәселеге байланысты аудандық қоғамдық кеңес мүшелері талқылап, пікірлерін білдірді.Атап айтқанда, 2024 жылдың сәуір айында аудандық қоғамдық кеңес мүшелерімен аудандағы бірқатар мектептердегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету,бақылау камералары, өткізу режимі, күзет дабылы, дабыл түймелеріне байланысты атқарылып жатқан жұмыстарға және мектеп асханаларындағы балалардың тамақтану барысынақоғамдық бақылау жүргізілген.Байқоңыр аймағындағы кейбір мектептер басшылығы тарапынан қоғамдық бақылау жасауға мән бермеген фактілері орын алған. Осыған байланысты және аудандағы мамандандырылған күзетпен қамтамасыз етілмеген,бейнебақылау камералары жетіспейтін мектептер жайлы және елді-мекен мектептеріндегі дабыл түймесін толыққанды іске қосу жайлы Қызылорда облыстық білім басқармасынажәне Қармақшы ауданы бойынша білім бөліміне ұсыным жасау жайлы шешім қабылданды.
Қармақшы аудандық бюджеттің 2023 жылғы атқарылуы жайлы есеп тыңдалып, талқылап, бекітуге келісім берілді. Осымен қатар Қармақшы аудандық электр торабы өз теңгеріміндегі трансформаторлардың қауіпсіздігін сақтауда және оларға ағымдағы жөндеу жүргізуде жеткіліксіз жұмыстар жасауда.
Есеп беру барысында кеңес мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, пікір алысты. №121, №105, №30, №26 мектептердегі және аудандық аграрлы колледжіндегі тоқ беретін трансформаторлар, сол сияқты Жосалы кенті мөлтек шағын ауданындағы электр желілерісын көтермейтіні, кейбір жерлерде электр бағаналарын ауыстыру, электр желілерін жаңарту жайлы айтылып өтті. Аталған маңызды мәселелер бойынша Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына және Қармақшы ауданының әкімдігіне ұсыным жасау жайлы шешім қабылданды.
Кеңес отырысында Қармақшы аудандық жұмыспен қамту жәнеәлеуметтік бағдарламалар бөлімі қарауға ұсынған «Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 77 шешiмiне өзгеріс енгізу туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының шешім жобасына келісім берілді.
Аудан бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тариф көлемін қайта нақтылау мақсатында Қармақшы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ұсынған «Қармақшы ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының шешім жобасын қоғамдық кеңес отырысында қарау кейінге қалдырылды.
