Kyzylorda-news.kz.  Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төртінші тоқсандағы отырысы өтті. Отырыста Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Жалғасбаев Ерқыран Ертілеуұлының «Аймақтағы жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдарының жағдайы» тақырыбындағы ақпараты тыңдалды. 

Кеңес отырысы барысында Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Талғат Телеубаев «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолдарын жүргізу бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? деген сауалын қойды.

«Қызылорда-Жезқазған» жолына 106 млрд. теңге қаржы қаралған. Бастапқы құрылыстар басталды. Мемлекеттік сатып алу «Қазавтожол» АҚ тарапынан жүруде. 2024 жылға дейін жөндеу жұмыстары аяқталады деп күтілуде»,- деді басқарма басшысының орынбасары Ерқыран Жалғасбаев. 

Өкінішке орай жол көлік оқиғаларының 75 пайызы Арал бағытында орын алған. Оның себептері де әртүрлі. Бұл мәселе бойынша облыс әкімдігіне ұсыныс берілген. Алдағы уақытта жұмыстар жүргізілмек. 

«Батыс Европа – Батыс Қытай» автожолы қай кезде кеңейтіледі? Жаңақорған мен Арал, Сексеуілге дейінгі аралықта трассаның үстімен өтетін мал жүретін өткелдерінің болмауы сәтсіздіктерге әкеліп жатыр. Бұл мәселелердің шешімі қалай болады деген сауалдарды ортаға салды», - қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Ғани Байұлы. 

Кеңес отырысында қалаішілік қоғамдық көлік мәселелерін ретке келтіру, олардың бағыттарын реттеу және өзге де ұсыныс-пікірлер айтылды.  

MW6A1487.jpg
MW6A1464.JPG
MW6A1461.JPG

Тағы да оқыңыз: