Kyzylorda-news.kz Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Қызылорда медициналық жоғары колледжінде «Бірлігіміз әралуандылықта» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шара Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақпараттық түсіндіру тобының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Ашық тәрбие сағатына Қызылорда медициналық жоғары колледжінің студенттері қатысты. Тәрбие сағаты барысында ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Бауыржан Үсенбаев өңірдегі этносаралық тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің маңызы туралы сөз қозғады. Ол Қазақстандағы бірлікке бағытталған маңызды қағидаларын атап, елдегі әртүрлі этнос өкілдері арасындағы өзара құрмет, түсіністік және бейбітшілік жағдайын сақтау қажеттілігін жеткізді.

Студенттер бірлік, достық, татулық тақырыбында ән шырқап, жыр шумақтарын оқыды. Жастар өнері арқылы барлық қатысушыларды ынтымақтастыққа шақырды.

Тәрбие сағатының қорытындысында студенттер этносаралық қатынастар мәселелері бойынша сұрақтар қойып, көкейлерінде жүрген ойларымен бөлісті.

Тағы да оқыңыз: