maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz.Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде облыстық әділет департаментінің бастамасымен студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру мақсатында семинар өтті.

Семинар барысында департаменттің әкімшілік бөлімінің басшысы Э.Әбдіқалықова сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдары туралы, жемқорлықты болдырмау, алдын алу мәселелері жөнінде түсіндірмелер берді. Ал  департаменттің мемлекеттік сот орындаушысы Г.Есентай мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы атап өтті.

− Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілетін айтады.
Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті дегеніміз, ол сол тұлғаның қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы білімін қамтитын қасиеті. Ол индивидтің жай ғана сыбайлас жемқорлықты төзбеуі ғана емес, сонымен қатар оны жоюға, онымен күресуге талпынуы болып табылады. Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз ол жемқорлыққа қарсы белсенді азаматтық позиция. 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тұлғада құқықтық шеңберде іс-әрекет етуі үшін белгілі бір біліктіліктердің болуын талап етеді, олар: жемқорлықты әлеуметтік зұлым ретінде тани білуі, сыбайлас жемқорлықпен күрес негіздерін және оның қоғам өмірінің кез келген саласында деңгейін төмендету үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалана білуі. Осы ретте студенттерге осы бастан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін бойларына сіңіре білуіміз керек, − дейді Э.Әбдіқалықова.

Шара соңында пікір алмасулар болып, семинар жұмысы қорытындыланды.

Тағы да оқыңыз: