Kyzylorda-news.kz Жалағаш аудандық Руханият орталығында «Қылмыссыз өңір – Кемел келешек кепілі» жобасы аясында кездесу өтті. Шараға ауыл әкімдері, аудан кәсіпкерлері мен тұрғындар қатысып, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған өзекті мәселелер талқыланды.
Жиында аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов, аудан прокуроры Талғат Бектұрсынов, облыстық мәслихат депутаты Әмірбек Шаймағанбетов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Алиев және аудандық «Иманқұл» мешітінің бас имамы Нұрдәулет Жалғасбекұлы сөз сөйлеп, «заң мен тәртіп» қағидасының маңыздылығы және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында пікір білдірді.
Сонымен бірге, ауылдық округтерде жүзеге асырылып жатқан «Алкогольсіз ауыл» бастамасының тиімділігі, «Қылмыссыз өңір – Кемел келешек кепілі» жобасының маңызы кеңінен талқыланды. Қатысушылар бұл жобаның қоғам қауіпсіздігін арттыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және өскелең ұрпақтың болашағын қорғауға бағытталған маңызды бастама екенін атап өтті.

