Kyzylorda-news.kz. Кездесуде Сырдария ауданының әкімі аудан көлемінде, кент орталығында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, ауыл халқын құлақдар етті.

Мәселен, қазіргі таңда Шиелі кентінде негізгі көшелерде асфальт жабындысын ауыстыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бүгінде А.Байтұрсынов, Ы.Жақаев көшелерінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, тақтайдай тегіс жолдармен көліктер қатынуда. Сондай-ақ, кент ішіндегі электр сымдарын ауыстыру үшін республикалық бюджеттен 808 млн теңге қаралып, биылғы жылға 100 млн теңгесі бөлініп отыр. Алдағы жылы осы бағыттар жұмыстар елді мекендерде де жүргізілетін болады.

Тағы да оқыңыз: