Kyzylorda-news.kz Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады.

Осыған орай, Қазақстан Халық партиясы "Еңбек адамы" жобасы аясында түрлі еңбек ұжымдарымен кездесулер ұйымдастыруда. Осы бағытта бүгін ҚХП Қызылорда облыстық филиалы «Dalatex» тігін фабрикасында болып, ұжым жұмысымен танысты. 

Бүгінде ерлер, әйелдер және балалар жейдесін, арнайы жұмыс киімдері мен күштік құрылымдардың формаларын тігетін фабрикада 100 ге жуық адам еңбек етеді. 

ҚХП Қызылорда облыстық филиал өкілдері Қытай, Түркия, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттерімен бәсекелес болып жүрген ұжымға толағай табыс тіледі.

Фото: ҚХП Қызылорда облыстық филиалы

Тағы да оқыңыз: