Kyzylorda-news.kz Қызылорда облыстық неміс этномәдени бірлестігінің онкүндігі аясында №5 мектеп оқушыларының қатысуымен неміс этносының ұлттық мерекелеріне арналған шеберлік сабағы өтті.

Достық үйінің би залында ұйымдастырылған шараға 6 «Д», 6 «Е» сынып оқушылары және «Почемучка» дайындық тобы қатысты.  

Шеберлік сабағы барысында балалар неміс этносының егін жинау мерекесі, Рождество және Пасха сияқты дәстүрлі мейрамдарын бейнелейтін пластилиннен түрлі мүсіндер жасап, бұл мерекелердің тарихи және мәдени маңызын ашып көрсетті. Шара шығармашылықпен қатар тәрбиелік мәнге де ие болды.

– Бүгінгі шара – тек шығармашылықты дамытатын сабақ емес, сонымен қатар балалардың түрлі этностардың мәдениетіне деген қызығушылығын арттырып, өзара достықты нығайтуға бағытталған бастама, – деді неміс орталығының төрағасы Ирина Шек.

Іс-шара соңында барлық қатысушы оқушыларға дипломдар мен тәттілер табысталды.

Тағы да оқыңыз: