Kyzylorda-news.kz ҚАЖД №60 мекеме бастығы, әділет  подполковнигі Мақсұт Өтегенұлы мен жеке кәсіпкерлер бірлесіп «Алғыс айту» күні және Рамазан айымен құттықтау үшін «Қарттар үйіне» барып қарияларға керемет көңіл күй сыйлады.

Шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіріп, мейрімділікке, жанашырлыққа және қарт адамдарға құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Кездесу барысында қарттарға №60 мекемесінде жазасын өтеушілер жасаған көмекші құралдар мен қол өнер туындылары, оның ішінде үстел үсті ойындары, шахмат, шашкі және  домбыра секілді бұйымдар табысталды. 

«Қазыналы қарияларға қолдау көрсетіп, бағалағандарыңызға өте қуаныштымыз. Жас ұрпаққа үлгі боларлық қызметтеріңіз үшін үлкен рахмет» –деді ардагерлер үйінің бастығы Раушан Жәдігерқызы

Қарттар сыйлықтарды ризашылықпен қабылдап, өз кезегінде қонақтарға алғысын білдірді. 

«Жоғары қасиет –үлкендерге құрмет» делінген қазақ даналығында. Біз қарт адамдарға құрмет пен қамқорлық көрсетуді өз міндетіміз деп санаймыз. Әрбіріміз өз келешегіміз үшін мейірімді қоғам орнатайық, жылулық сыйлайық, қарттарымызды құрметтейік. Айлардың сұлтаны Рамазан айының алғашқы күнімен және Алғыс айту күнімен баршаңызды құттықтаймын. Бай қуатты, дендеріңіз сау болсын. Осындай шаралар алдағы уақытта да жалғасынын табатын болады – деді мекеме бастығы, әділет подполковнигі Мақсұт Өтегенұлы.

Фото: ҚАЖД №60 мекеме баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз: