Kyzylorda-news.kz. ҚАЖ департаментінің қызметкерлері Қызылорда қаласында орналасқан 5547 әскери бөлімінің сарбаздарымен кездесіп, ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына шақыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қызметкерлердің құрамында Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық - атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесі кадр саясаты бөлімінің инспекторы  Айгерім Баймұрзаева, Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД №35 мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айдос Метжанов, Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД №30 мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Виталий Пепеляев, Жезқазған облысы бойынша ҚАЖД №62 мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жалғас Марленовтер бар.  

5547 әскери бөліміндегі сарбаздар – елінің ертеңін ойлаган азаматтар. Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып, ішкі істер органдарында қызмет ету үшін бағыт-бағдар беру біздің міндетіміз. Сол себепті болашақ мемлекет қызметкерлерін академияға оқуға шақырамын, - деді Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД №35 мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айдос Метжанов.

Кездесу барысында қызметкерлер оқуға түсу шарттарымен таныстырып, сарбаздардың сұрақтарына жауап беріп, Қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет етуге шақырды.

Тағы да оқыңыз: