Kyzylorda-news.kz. Сыбайлас жемқорлық – қоғамдағы ең қауіпті әлеуметтік құбылыстардың бірі. Кез келген дамыған қоғамда жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу бірден-бір күрделі және маңызды мәселе.

Осы орайда Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесідепартаментінің №37 мекемесінде ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет подполковнигі Жүніс Өтегенұлы Әбдіқайыровтың төрағалығымен «Ішкі істер органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу, оның алдын алу, жемқорлық әрекеттерге бой алдырмау» тақырыбында кезекті жиын өтті. Жиынға мекеменің жеке құрам қызметкерлері қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты -  ҚАЖ саласына өз үлестерін қосып жүрген жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, заң бұзушылықтарға жол бермеу болып табылады.

Жиынды департамент бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Жүніс Өтегенұлы ашып, қызметкерлердің өздеріне жүктелген қиын да жауапкершілігі мол қызметтерін заңдылықққа сәйкес атқару қажеттігін, қызмет барысында тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтауды, сонымен қатар, парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгешеліктерге тоқталып, басшылар бағынышты қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық қылмысын жасатпауға, оның алдын алуға міндетті екендігін жеткізді. Одан соң ҚАЖД-нің өзіндік қауіпсіздік тобының жедел уәкілі әділет капитаны Р.Жамбылов ішкі істер органдарындағы тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ағымдағы жылдың 1-тоқсанындағы жай-күйі туралы шолуымен таныстырды.

Сонымен қоса ҚАЖ департаментінің кадр саясаты тобының бас маманы әділет майоры Ә.Беркінбеков баяндама жасады. Ол өз баяндамасында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі төрағасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық талаптарына сәйкес, кешенді жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесімен таныстырды.

Кездесу соңында департамент бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыров кадр саясаты тобына жеке құрам арасында тәртіпті нығайту және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыру жөнінде тапсырма берді.

Мұндай мазмұндағы жиын қылмыстық атқару саласы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыровтің төрағалығымен №68 мемелекеттік мекемесі, яғни тергеу изоляторында да  өтті. Аталған шараға Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-нің кадр саясат тобының бас маманы әділет майоры А.Беркінбеков, ҚАЖД-нің өзіндік қауіпсіздік тобының аға жедел уәкілі, әділет капитаны Р.Жамбылов және мекеменің жеке құрамы мен ерікті жалдамалы қызметкерлері қатысты. 

Күн тәртібінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің тәртіп пен заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресі, оның алдын алу, жемқорлық әрекеттерге жол бермеу туралы мәселесі қаралды. 

ҚАЖД-нің бас маманы Ә.Беркінбеков ҚР  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі төрағасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық талаптарына сәйкес, кешенді жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесімен таныстырды.

Жиын соңында подполковник Ж.Әбдіқайыров сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық шараларды тиімді жүзеге асыру бойынша мекемменің кадр саясат бөлімі мен  РжКБ- іне бірқатар  ұсыныстар берді.

Тағы да оқыңыз: