Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №37 мекемесінде жыл басынан бері 60 рет кездесу өтті. Бұл туралы ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түзеу мекемелеріндегі  бас бостандығынан айрылғандар қоғамнан оқшауланғанмен, олардың туыстарымен қарым-қатынасы үзілмейді. Өйткені жақындарымен байланысып отыру, олардың жаза мерзімін өтеу кезіндегі психологиялық жай-күйіне ерекше әсері бар. Сотталған азаматтардың туыстарымен кездесуі, оларды тәрбиелеудегі басты құрал болып табылады.

Жыл басынан Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №37 мекемесінде  60 рет кездесу болған. Мекемеде отбасыларымен туған-туыстарымен кездесулерге арнайы бөлме қарастырылған.

Бүгін кезекті қысқа мерзімді кездесуге осы мекемеде жазасын өтеушілердің бірі анасымен кездесті.

«Анамды көріп көзіме жас келді. Жаза басып, жаңылып кету әп-сәтте екен.  Ұрлық жасап жазамды өтеп жатырмын. Анамнан отбасымнынң, туған-туыстардың жағдайын білдім. Анамнан кездесуге келген сайын кешірім сұраймын. Жазамды өтеп отбасыма оралған соң балаларыма жақсы әке болып, қателігімді енді қайталамауға өзіме уәде бердім. Анам арасында балаларымда да әкеліп тұрады. Балаларымды көрген сайын өмірге деген құлшынысым артып, болашаққа сеніммен қараймын. Жаңылып жаза басып, өкініп қалмаңыздар. Қылмыс әлемінен бойларыңызды аулақ ұстаңыздар», -  деп өкінішін жеткізді жазасын өтеуші. 

WhatsApp Image 2022-11-18 at 15.50.31.jpeg

Тағы да оқыңыз: