Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде департамент бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Жүніс Әбдіқайыровтың төрағалығымен  жеке құрам арасында  сыбайлас жемқорлықтың  алдын алу бағытында  дөңгелек үстел өтті. 

Жиынға Қызылорда облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Дәурен Сақтапбергенұлы Шәріпбаев,  Қызылорда облыстық  прокуратурасының үкімдері орындалуын қадағалау  басқарманың аға прокуроры Алмас Ахтанұлы Махмут, қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Өзіндік қауіпсіздік тобының аға жедел уәкілі, әділет капитаны Рақымжан Хамзаұлы Жамбылов және жеке құрам қызметкерлері қатысты.  

Іс-шараның негізгі мақсаты – жеке құрам арасында азаптаудың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру. Жиынды әділет подполковнигі Жүніс Өтегенұлы ашып,  кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес – ең өзекті әрі мемлекеттік маңызды мәселе екендігін, сондықтан да жемқорлықты арамыздан алыстату, оны қоғамымызға жат қылып ашып көрсету, баршамыз болып жұмылатын маңызды іс екендігін айтып өтті. Жеке құрам қызметкерлеріне қызмет барысында заң аясында жұмыс жасап,  тәртіп пен заңдылықты, ҚР мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтауға шақырды.

Одан соң қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Өзіндік қауіпсіздік тобының аға жедел уәкілі, әділет капитаны Рақымжан Хамзаұлы Жамбылов жеке құрам қызметкерлерімен атқарылған жұмыстарға  тоқталып өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті» екенін тілге тиек етіп, департамент қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуда жұмыла жұмыс жасауға шақырды.

Іс-шара соңында қызметкерлерге заңбұзушылықтар аясында әзірленген бейнероликтер көрсетілді.

 

Тағы да оқыңыз: