Kyzylorda-news.kz. Бүгін облыстық  Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жазасын өтеушілерге медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті. Оған Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде департамент бастығының орынбасары әділет подполковнигі Жүніс Өтегенұлы Әбдіқайыров төрағалық етті.

Іс-шараға Қызылорда облыстық  прокуратурасының үкімдері орындалуын қадағалау басқармасының бастығы Асхат Әбдіғабитұлы Әбіләзім, басқарманың аға прокуроры Махмут Ахтанұлы Алмас,  облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Мырзагелдіұлы Шайымбетов,   облыстық денсаулық сақтау басқармасы медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің басшысы Раушан Сейтқасымқызы Бактиберлина, №3 қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасары Лейла Кенжебайқызы Ахмет, №6 қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасары Нүргүл Жалыбекқызы Жалғасбаева, №37, №60, №68 мекемесінің басшылары қатысты.

Жиынды Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Жүніс Әбдіқайыров ашып, күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталды. Дөңгелек үстелде қылмыстық атқару жүйесі мекемелеріндегі сотталғандарға медициналық көмек көрсету  мәселелері бойынша  өзара іс-қимыл мәселелері талқыланып,  туындаған мәселелердің, сұрақтардың шешу жолдары қаралды.

«ҚР Президентінің №622 Жарлығына сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап түзеу мекемелерінің медициналық қызметтері денсаулық сақтау басқармаларына берілді.  Осы ретте  облыстық  денсаулық сақтау басқармасының  №3, №6 емханасының дәрігерлері   қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі 1000-нан астам жазасын өтеушілердің денсаулық жағдайын бақылап, аурудың уақытылы алдын алу мақсатында ФГДС,КТ,МРТ-дан өткізуде. Біздің Ата заңымыздың бірінші бабында «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп нақты жазылған. Сондықтан біз әрбір жазасын өтеушілердің денсаулығына бей-жай қарамаймыз. Бірінші кезекте абақтыдағылардың денсаулығын қадағалап, уақытылы медициналық көмек көрсетіп, скрингтік және профилактикалық тексерулер мен жылжымалы медициналық көмек «Денсаулық пойызын» ұйымдастыру мақсатында өткізілген кездесуде  сала мамандарымен  жұмыс барысында туындаған мәселелерді бірлесе отырып,  шешімін таптық. Денсаулық сақтау басқармасымен ынтымақтастықта, бірлесе жұмыс атқарар болсақ, жазасын өтеушілер тарапынан денсаулығына байланысты  арыз-шағымы азаяды» деді әділет подполковнигі Жүніс Әбдіқайыров.

 

 

Тағы да оқыңыз: