Kyzylorda-news.kz Қармақшы ауданында пробация есебінде тұрған азаматтардың қайта құқықбұзушылыққа баруының алдын алу және оларды қоғамға бейімдеу мақсатында кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға аудан прокуратурасының өкілдері, пробация қызметі, жұмыспен қамту және отбасын қолдау орталығының мамандары қатысты.
Отбасын қолдау орталығының психолог маманы Назгүл Сайлауова қатысушылармен психологиялық тренинг өткізіп, олардың ішкі күйзелістерін жеңуге, өз-өзіне сенімділігін арттыруға және өмірге оң көзқарас қалыптастыруға бағытталған жаттығулар жүргізді.
Прокуратура өкілдері қайта қылмысқа барудың құқықтық салдары, қылмыстық жауапкершілік түрлері және заң талаптарын сақтау қажеттілігі туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар жұмыспен қамту және отбасын қолдау орталығы мамандары азаматтарды еңбекке орналастыру, әлеуметтік қолдау көрсету және қайта әлеуметтендіру бағытындағы мүмкіндіктермен таныстырды.
– Осындай кездесулер бізге үлкен ой салады. Заң талаптарын сақтап, қайта қателік жібермеу керектігін түсіндік. Психологиялық тренинг өз-өзімізді жақсырақ тануға көмектесті. Алдағы уақыттадұрыс жолды таңдап, қоғамға пайдалы азамат болуға тырысамыз, – деді есептегі азамат.
