Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №60 мемлекеттік мекемесінде жазасын өтеуші азаматтарға жақындарынан келген сәлем-сауқатпен бірге тыйым салынған заттардың ену жолдарын болдырмау мақсатында мекеменің жедел бөлім қызметкерлері, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің АМІЖ аға жедел уәкілі әділет майоры Ғалым Қонысбекұлы және №5547 «Ұлттық ұлан» әскери бөлімімен бірлесіп тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде түзеу мекемесінде тыйым салынған зат табылмады.  

«Тексеру жұмыстары аса қырағылықты талап етеді. Қиыннан қиыстырып, тағамның не сусынның ішіне тыйым салынған зат салып, қамаудағыларға жеткізетін келушілер де кездеседі. Сол себепті де әр келген сәлемдемені тінтуші иттің көмегімен жіті тексеріп барып, иесіне жеткіземіз», -  деді мекеменің жедел бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Сақтапберген Мақсұтов. 

Жалпы жыл басынан бері мұнда сәлем-сауқат қабылдау бөлмесіне келген бірнеше азаматтың азық-түліктері арасынан тыйым салынған зат тәркіленген. Бақылаушы Орынбасар Шыңғыстың айтуынша, егер жазасын өтеуші азаматқа келегн сәлем-сауқаттан тыйым салынған заттар тәркіленсе, алғашында ескерту, сосын айыппұл салынады. Үшінші рет қайталаса, екі ай мерзімге қамауға алынады екен.

Тағы да оқыңыз: