Kyzylorda-news.kz «Қазгидромет» РМҚ синоптиктері тамыз айына арналған құрғақшылық болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамынша, тамыз айында атмосфералық құрғақшылық келесі өңірлерде болуы ықтимал:
- Батыс Қазақстан облысының Бөкей Орда және Жәнібек аудандарында;
- Ақтөбе облысының Шалқар және Ырғыз аудандарында;
- Атырау облысы Құрманғазы ауданында;
- Алматы облысының Балқаш ауданында;
- Жамбыл облысының Мойынқұм, Қордай, Сарысу, Талас және Жамбыл аудандарында;
- Түркістан облысының Арыс, Созақ, Қазығұрт, Ордабасы, Шардара, Жетісай, Бәйдібек және Келес аудандарында;
- Қызылорда облысының Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында.
Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында және Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында бірқалыпты ылғалды жағдай болжанады.
Еліміздің қалған аумағында ылғалдану жағдайы нормаға жуық болжанады. Болжам www.agrodata.kz қосымшасында және «Қазгидромет» РМК ресми сайтында жарияланған.
Сурет: жасанды интеллект көмегімен жасалған
