Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет ел аймақтарында 30 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

«Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында жаңбыр жауады, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Ал Қазақстанның басым бөлігінде Солтүстік антициклон кіруімен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ел бойынша желдің күшеюі, солтүстігінде - тұман, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі», - деп жазды синоптиктер.

Түнде Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының солтүстігінде 1-7 градус үсік, Қарағанды, Ұлытау облыстарында топырақ бетінде 1-3 градусқа дейін үсік күтіледі. Ал Қызылорда облысында жылы ауа райы сақталады, бұлт күтілуде.

Тағы да оқыңыз: