Kyzylorda-news.kz Синоптиктер 24 тамызға арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын жариялады.

Болжам бойынша, күндіз республиканың үш өңірінде қатты ыстық болады деп күтілуде:

  • Батыс Қазақстан облысында – +35+38°С дейін
  • Атырау облысында – +34 + 39°С дейін.
  • Маңғыстау облысында +37+42°С дейін.

"Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Найзағай аралас жаңбыр жауады, бұршақ жаууы, қатты жел соғуы мүмкін, солтүстікте, орталықта, шығыста, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жаңбыр күтіледі",-деп хабарлайды "Қазгидромет"РМК баспасөз қызметі.

Жауын-шашынсыз ауа райы республиканың батысында, оңтүстік-батысында ғана болады.

"Қазақстан бойынша желдің күшеюі болжануда, оңтүстікте-шаңды дауылмен, түнде және таңертең солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта тұман", - деп атап өтті ведомствода.

Қызылорда облысында 24-26 тамызда төтенше өрт қаупі сақталуы мүмкін.

Сурет: Жасанды интеллект

Тағы да оқыңыз: