Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» 29 қараша мен 1 желтоқсанға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер алдағы күндері елімізде жауын-шашын көбейгенімен, күн жылынатынын мәлімдеді.
29-30 қарашада елдің шығыс аймақтарына суық солтүстік антициклон әсер еткендіктен аяз сақталады. Қазақстанның қалған аумағында аяздың бәсеңдейді деп күтіледі.
30 қараша мен 1 желтоқсанда еліміздің көп бөлігінде жауын-шашын жауады деп болжанды. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын жауып, ауа температурасы жоғарылайды. Республика бойынша жел күшейіп, тұман, оңтүстік және оңтүстік-шығыста көктайғақ, солтүстік, шығыс пен орталық аймақтарда бұрқасын болады деп күтіледі.
Ауа температурасы түнде елдің батысында -5-15 градус аяз, солтүстік-батыста -10-28 градус аяз, солтүстік өңірлерде -15-25 градус аяз, орталықта -5-20 градус аяз болады. Ал республиканың шығысында -33-43 аяз болып, кезең соңында -20-30 аязға дейін жоғарылайды. Оңтүстікте ауа температурасы -7 градус пен +3 градус аралығында болса, оңтүстік-шығыста -5-15-тен +8 градусқа дейін жоғарылайды.
