Kyzylorda-news.kz. “Тазалық – табалдырықтан басталады” демекші, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау - әрбір адамның басты міндетті.
Көктемнің шуақты күндерінен бастау алған туған мекенді қоқыстан тазарту мақсатында ұйымдастырылатын сенбілік жұмыстары жалғасын табуда.
Нақтырақ айтар болсақ, Әйтеке би көшелерінде қаланы қоқыстан тазарту, көгалдандыру мақсатындағы сенбілікке әрбір мекеме бір кісідей атсалысуда. Соның бір дәлелі Қазалы ауданының дамып-өркендеуіне сүбелі үлес қосып жатқан әрбір қызметкер сенбі сайын аурухана айналасы мен қала көшелеріне тазалық жұмыстарын жүргізіп, қала тазалығына біркісідей ауызбіршілікпен атсалысып келеді.
Бұл игі шара нәтижесінде атамекеніміз бұрынғысынан да әсем, көгалдандырылған шаһар болатынына сеніміміз мол.
Тазалықты жанына серік еткен қазалылықтар бүгін сенбілікке шығып, аудан аумағының қоқыстан тазаруына белсене атсалысты.
Соның ішінде Водокачка елді мекеніне баратын жолдың екі жағы, қазақ қорымы мен “Арзан сити” аралығы, Жанқожа баба кесенесі және тесік көпір аумағы ПМС мекемесінің жаны қоқыстан тазартылды.
Аудан көлеміндегі сенбілік жұмыстарына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев арнайы барып, туған жердің тазалығы үшін еңбек етіп жатқандарға сәттілік тіледі.
Жергілікті жердің тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.
