Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «AMANAT»-тың кезектен тыс ХХІІ съезінде партия жұмысын қайта жандандыруды тапсырған болатын. Сондай-ақ, партияның қоғамдық қабылдау бөлмелері шағымдармен ғана емес, елді дамыту бойынша нақты идеялармен келетін азаматтар үшін тартымды орынға айналуы керек екенін айтқан еді.
Бұл ретте Қазалы аудандық мәдениет және спорт бөлімі басшысының орынбасары Орысбек Жәмшейітов «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде бекітілген кестеге сәйкес аудан тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдау барысында тұрғындар жұмыспен қамту тақырыбындағы мәселелерімен жүгінді.
Қазалы аудандық мәдениет және спорт бөлімі басшысының орынбасары Орысбек Жәмшейітов азаматтардың мәселелерін тыңдап, қолданыстағы заңнама аясында өз құзыреті шегінде олардың өтініштеріне толық жауап берді.
Бөлім басшысының орынбасары немересіне жұмыс іздеп жүгінген қартқа алдағы өтініші бақылауға алынатындығын айтып, оң шешілуіне жұмыс жасайтындығын жеткізді. Мұнан соң жас маманның мәселесімен мұқият танысып шықты. Осылайша өз ісіне мығым мемлекеттік қызметкер тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
