Kyzylorda-news.kz. 9 маусым күні «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы мен Облыстық аймақтық дене тәрбиесі методикалық орталығымен бірлесе отырып, ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар арасында «Жұлдызай – 2023» Ұлттық Инклюзивті ойындарының облыстық кезеңі өтті.

Жиын ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың дамудағы өзінің физикалық және интеллектуалдық шектеулерін батыл еңсере отырып, спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстануға, арттыру, ынталандыруды көздейді. 

«Асық ату» ойыны бойынша (кіші топ) ІІ дәрежелі диплом иегері Қазалы ауданы-Жолмырза Нұрислам, №234 мектеп, «Асық ату» ойыны бойынша (үлкен топ) ІІІ дәрежелі диплом иегері Қазалы ауданы-Бабыр Сембай, №234 орта мектеп, «Бес тас» ойыны бойынша(кіші топ) І дәрежелі диплом иегері Қазалы ауданы-Болат Нұрайым, №234 орта мектеп, ІІІ дәрежелі диплом иегері Қазалы ауданы-Саматқызы Аяужан, №234 орта мектеп, «Жеңіл атлетика» ойыны бойынша (кіші топ) қыздар ІІІ дәрежелі диплом иегері Қазалы ауданы-Ерғалиева Арай, №234 мектеп-лицей, «Минифутбол» ойыны бойынша (кіші топ) І дәрежелі диплом иегері Қазалы ауданы, №234 орта мектеп оқушылары.

Ал қазалылық оқушылар Киікбай Нұрасыл, Қалмағанбет Жасмин, Жеткенбек Аяулым, Алғазы Аян, Қорғанбек Уалихан «Алғыс хат» иеленді.

Тағы да оқыңыз: