Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің тұрғыны жеке кәсіпкер Талғат Ембергенов бүгінде мемлекет қолдауымен 6 пайыздық несие алып, өндірісін өркендетіп отырған азаматтың бірі. 

Ол 2018 жылдан бастап кәсібін дамыту мақсатында «Бизнес Кеңесші» жобасы бойынша кәсіпкерлік негізіндегі оқу курсына қатысып, мемлекеттік бағдарлама шеңберінде Қызылорда Өңірлік инвестициялық орталық арқылы несие қаражатын алған. 

«Осыдан 5 жыл бұрын жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында осы цехты аштым. Одан кейін Өңірлік инвестициялық орталық арқылы 6 пайызбен жеңілдетілген несие алып, кәсібімді дамыттым. Сонымен қатар биылғы жылы да мемлекеттің қолдауына ие болып орталық арқылы 6 пайызбен несие алып, жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар алдым. Алдағы уақытта ерекше балаларға арналған ағаштан экологиялық таза ойыншық шығаратын боламын», - дейді кәсіпкер Талғат Ембергенов.

Бүгінде жеке кәсіпкер өзінің шағын цехында 4 адамды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпкер халықтың сұранысына сай ағаштан есіктер, үй жиһаздарын, баспалдақтар, астаулар және түрлі бұйымдар жасап шығарады. 

Қазіргі таңда кәсіпкердің цехынан шыққан ағаш бұйымдар облыстың бірнеше аудандарында сатылымға шығуда.

Айта кетейік, Талғат Ембергенов алдағы уақытта өз кәсібін кеңейте түсіп, ерекше балалардың дамуына әсер ететін табиғи, таза ойыншық түрлерін шығаруды қолға алмақ.

Тағы да оқыңыз: