Kyzylorda-news.kz. «Самара-Шымкент» тас жолының 1533 шақырымында Қазалы ауданынан 53 шақырым қашықтықта жүк көлігі өртеніп жатқаны жөнінде хабарлама түсті.  

Аталған шақыртуға орай Қазалы ауданындағы №9 өрт сөндіру бөлімінен 6 қызметкер 1 техникасымен оқиға орнына жөнелтілді. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілердің барлау жұмыстарының нәтижесінде Өзбекстан Республикасынан шыққан «МАН» маркалы жүк автокөлігінің тіркемесіне  тиелген 600 қорап киім-кешектің 60 қорабы жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілердің жедел әрі нақты іс-қимылының нәтижесінде тіркемеде жиналған қалған киімнің өртенуіне жол берілмей, 540 қорап киімді өрттен аман алып қалды. Өрт сағат 13-тен 40 минут өткенде толық  сөндірілді. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.

Тағы да оқыңыз: