Сәуір айында аудан орталығында орналасқан Қазалы теміржол вокзалының күрделі жөндеу жұмыстары басталған болатын. Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов жұмыс сапары барысында 120 жылдық тарихы бар нысанда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен арнайы барып танысты.

Құрылыс жұмыстарын «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының қаржыландыруымен «Бақ Береке» ЖШС жүргізуде.

Аталған вокзалға соңғы рет 2013 жылы жөндеу жүргізілген болатын. Ендігі кезекте эскиздік жобаға сәйкес, ғимараттың іргетасы мен қабырғаларын нығайту, шатырын ауыстыру, есік-терезелерді жаңарту, жолаушыларға арналған күту залдарын заманауи талаптарға сай жабдықтау, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасау, қауіпсіздік жүйелерін орнату, сондай-ақ вокзал аумағын көгалдандыру және брусчатка төсеу секілді ауқымды жұмыстар атқарылатын болады.

Халық қалаулысы жауапты сала басшылары мен мердігер мекемеге құрылыс барысы бойынша өз ұсыныс-пікірлерін айтып, жұмыстарды мерзімінде әрі сапалы аяқтап, халық игілігіне табыстау қажеттігін атап өтті.

FB_IMG_1751787704562.jpg

Тағы да оқыңыз: