Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жыл сайынғы жоспар бойынша өз міндеттерін кезең-кезеңімен атқаруда. Осыған орай тиісті бөлім мамандары арқылы орындалған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы мәліметті назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.
Әуелі тақырыпқа тұздық үшін айта кетейік, Қазалы ауданының коммуналдық меншігінде барлығы 406 шақырым аудандық маңыздағы автомобиль жолы және елді мекендердің 430 шақырымды құрайтын 470 көше жол тораптары бар. Жалпы айтқанда, оның ішінде – 232,5 шақырым асфальтты, 102,7 шақырым қиыршық тасты және 71 шақырым топырақты жолдар қамтып жатыр. Жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі – 82,5 процентті құрайды.
Өткен жылға жалпы ұзындығы – 75 шақырымды құрайтын тоғыз жол мен бір көпір құрылысын жүзеге асыру үшін республикалық және облыстық бюджеттен 1801,6 миллион теңге қаржы бөлінді.
2022 жылдан жалғасып келе жатқан үш нысанның жұмысын аяқтауға облыстық бюджеттен барлығы 133,5 миллион теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда.
Қазалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Жасұлан Жиентайұлының айтуынша, «Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей» 45-76 шақырым аудандық маңыздағы автомобиль жолын жөндеу жұмыстары келесі жылға өтпелі болып табылды. Жұмысты толық аяқтауға 61,6 миллион теңге қаралды. Мердігер мекеме «Қыран» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы аясында 2021 жылы басталған «Әйтеке би-Басықара» аудандық маңыздағы автомобиль жолының бойындағы темір бетонды көпірді қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтауға 3,9 миллион теңге бөлінді. Қазіргі кезде мердігер мекеме «Жылу-21» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан көпір жиегіндегі қоршаулары орнатылып, асфальт қабаты төселуде.
«Шағын және моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру» бағдарламасымен Қазалы қаласының 10 көшесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген болатын. Нысан жұмысын аяқтауға 67,9 миллион теңге қаржы бөлінді. 2021 жылы жұмысты бастаған «Кочевник» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жосықсыз қатысушы деп танылды.
Жалпы, 2023 жылға аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын жөндеуге республикалық және облыстық бюджеттен барлығы 1 180,4 миллион теңге қаржы бөлінді. Оған, 51 шақырымды құрайтын үш аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын орташа жөнделіп, бір жол қайта жаңғыртудан өтетін болады.
Қазіргі кезде, осы жобалар бойынша 296,2 миллион теңге қаржы игеріліп, жалпы 25 процентке орындалып отыр.
Ал, жолдарды жөндеу жұмыстары мемлекеттік сатып алу конкурстарының нәтижесі мен ауа райының қолайсыздығына орай сәуір айында басталуынан 24 пайызға игеріліп отыр. Сонымен қатар, қаражаттың негізгі бөлігін шілде, тамыз айларында игеру жоспарланып отыр.
Ағымдағы жылы атқарылып жатқан жобаларға жеке тоқталған Қазалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Жасұлан Сыдықов, Қожабақы-Бозкөл 30-45 шақырым және Қожабақы-Бекарыстан би 0-25 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстары «Қазалы жолшы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі -і тарапынан жүргізілуде. Қазіргі кезде, жолдардың негізгі қабаттарын күшейту және бұзылған асфальт қабаттарының учаскелерін (ямочный ремонт) қалпына келтіру жұмыстары жүруде дегенді алға тартты.
Аталған 2 жоба бойынша келісім шарт сомасы 1 164,0 миллион теңгені құрап отыр. Игерілген қаржы көлемі 259,9 миллион теңге немесе 23 процентті қамтып тұр.
Ал, Мұратбаев елді мекеніне кіре беріс 0-5 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу «Строй модуль Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы іске асырылуда. Қазіргі таңда бұзылған учаскелері толықтай қалпына келтіріліп (ямочный ремонт), төрт шақырымға асфальт бетон қабаты төселді. Келісім шарт құны – 124,5 миллион теңгеге жетті. Игерілген қаржы көлемі – 36,2 миллион теңге немесе 29 процент болды.
«Бозкөл-Тасарық» 13 шақырым автомобиль жолын қайта жаңғыртуға байланысты 2,0 миллион теңгеге мемлекеттік сатып алу конкурстары жүруде. Жобаның жалпы құны – 678,0 миллион теңгені құрады.
«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Әйтеке би кентінің 12 көшесіне (Қазыбек би, Әуезов, С.Сейфуллин, Бегім ана, Алтынсарин, Счастнов, Талқанбаев, 2-квартал, Асан қайғы, Нұртуған жырау, Әл-Фараби, Әубәкіров), Ү.Түктібаев елді мекені алты көшесіне (Ә.Қаналиев, Орымбет Ишан, Бейбітшілік, Ә.Жасақбаев, Жаңажол, Жаңажол тұйығы) және Ғ.Мұратбаев елді мекенінің Қуандық әулие көшелеріне орташа жөндеуге барлығы 520,7 миллион теңге қаралды. Игерілген қаржы көлемі 137,4 миллион теңге, игерілу көрсеткіші 26 процент болып отыр.
Бүгінде, Әуезов, Алтынсарин, Асан қайғы, Әл-Фараби, Әубәкіров көшелерін жөндеу жұмыстары бөлінген қаржыға сәйкес аяқталды.
Түктібаев ауылының Ә.Қаналиев, Орымбет Ишан, Жаңа жол көшелеріне құм аралас малта тас қоспасы және асфальт қабаты төселіп, жол жиегін бекіту жұмыстары жүргізілуде.
Әйтеке би кентіндегі Қазыбек би көшесіне құм аралас малта тас қоспасы төселсе, Счастнов көшесінің жөндеу жұмыстарын «Строймодуль Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізетін болады.
Өз ісінің майталман мамандарының берген анықтамалығына көз жүгіртетін болсақ, Ғ.Мұратбаев ауылындағы Қуандық әулие көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізуге 2 рет мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланған болатын. Алайда, бірде-бір мердігер конкурсқа түспегендіктен өтпеді деп танылып, құжаттары қайта ұсынылуда.
Сонымен қатар, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында сатып алу конкурстары жүргізілген Әйтеке би кентінің Талқанбаев, Нұртуған жырау, Бегім ана, С.Сейфуллин, 2-квартал және Ү.Түктібаев елді мекеніндегі Ә.Жасақбаев, Бейбітшілік көшелерін орташа жөндеу жобалары қаржылық жоспардың өзгеруіне байланысты кейінге қалдырылыды.
Әйтеке би кентінің Жанқожа батыр мен Әйтеке би көшелерін қайта жаңғырту жұмысын бастауға берілген 150,0 миллион теңгеге мемлекеттік сатып алу конкурстары жүруде. Жобаның жалпы құны – 840,7 миллион теңге болды.
«Шағын және моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру» бағдарламасымен Қазалы қаласының 15 көшесін (Түркебаев, Булекбаев, Жакеева, Жанұзақов1, Жанұзақов2, Қазалы1, Қазалы2, Қодасов, Қосаев, Құлахметов, Құлқашов, Мергенбева, Муратбаев, Отепбергенова, Сатпаев, Булекбаева 2) қайта жаңғырту жұмыстары «Қырын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан жүруде. Келісім шарт сомасы – 869,9 миллион теңге. Игерілген қаржы көлемі – 167,2 миллион теңге. Пайыздық көрсеткіші 19,2 құрап отыр.
Қазіргі кезде, алты көшенің көне жол материалдарын бұзу жұмыстары және екі көшеге құм аралас малта тас қоспасы төселуде.
Көлік инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыру мақсатында Әйтеке би кентінің 11,5 шақырымды құрайтын 23 көшесіне қиыршық тас төсеуге 131,6 миллион теңге берілді. Игерілген қаржы көлемі – 40,0 миллион теңге, 30 процентті құрады.
Бүгінде 5 көшенің жөндеу жұмыстары толық аяқталып, қалған 18 көшеге топырақ және гравийлі құмды қоспа (ГПС) қабаты салынуда.
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырыс беруімен салынып жатқан «Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей» автомобиль жолының 16 шақырымдағы Қарлан учаскесінен Сырдария өзені арқылы көпір өтекелін салу жұмыстарын жалғастыруға 2813,9 миллион теңге, ал, «Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы» аралығындағы 7 шақырым аудандық маңыздағы автомобиль жолын қайта жаңғыртуды аяқтауға 801,6 миллион теңге берілді. Алайда, төрт жолақты жол құрылысы мердігер мекеме тарапынан өте баяу жүруде.
2024 жылғы қаржыландыру мақсатында төрт аудандық маңыздағы автомобиль жолын күрделі жөндеу және қайта жаңғыртуға, сондай-ақ, Қазалы қаласының 10 көшесін (бір жоба) қайта жаңғыртуға қажетті барлығы 3,0 миллард теңгеге тиісті министрліктерге бюджеттік өтінім тапсырылды.
«Қызылорда облысы Қазалы ауданы «Лақалы ауылына кіре беріс» аудандық маңыздағы автомобиль жолын қайта жаңғырту жобасының жалпы құны – 416,4 миллион теңге; Қызылорда облысы Қазалы ауданы «Бекарыстан би-Шөмішкөл» аудандық маңыздағы автомобиль жолын қайта жаңғырту жобасының жалпы құны – 46,1 миллион теңге; Қызылорда облысы Қазалы ауданы «Жанқожа батыр елді мекеніне кіре беріс» аудандық маңыздағы автомобиль жолын күрделі жөндеу жобасының жалпы құны – 476,7 миллион теңге; Қызылорда облысы Қазалы ауданы «Қазалы-Көларық-Бекарыстан би-Жаңақұрылыс» ПК33+00-ПК43+00 аудандық маңыздағы автомобиль жолын күрделі жөндеу жобасының жалпы құны – 855,7 миллион теңге; Қызылорда облысы Қазалы ауданы Қазалы қаласы көшелерін қайта жаңғырту жобасының жалпы құны – 713,8 миллион теңге», – дейді Қазалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Жасұлан Сыдықов.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы жұмысы басталатын 2 жобаны аяқтауға 1366,0 миллион теңгеге өтінім берілді.
Қазалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қызметкерлерінің мәлімдеуінше, Қызылорда облысы Қазалы ауданы «Бозкөл-Тасарық» ПК22+00-ПК35+00 аудандық маңыздағы автомобиль жолына (13 шақырым) қайта жаңғырту жобасын аяқтауға 676,0 миллион теңге; Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті Жанқожа батыр және Әйтеке би көшесін қайта жаңғырту жобасын аяқтауға 690,7 миллион теңге жеткілікті.
Одан бөлек, ағымдағы жылы жұмысы басталған бір аудандық маңыздағы автомобиль жолын орташа жөндеуді аяқтауға 138,0 миллион теңге, 13 көшені жөндеуді аяқтауға облыстық бюджеттен 16,9 миллион теңге бөлу қажет етіледі.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы аудандық маңыздағы автомобиль жолында орналасқан екі темір бетон көпірі мен Әйтеке би кенті, Өркендеу және Ақтан батыр елді мекенінің 27 көшесін жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен 42,9 миллион теңге қаржы бөлініп, жоба сметалық құжаттары әзірленуде.
2022 жылға Шағын және моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде Қазалы қаласының 10 көшесін жарықтандыруға республикалық бюджеттен 124,1 миллион теңге қаржы қаралды. Мердігер «Гемакасес» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан жұмыстар толық орындалып, нысан пайдалануға берілді (433 дана жарықшамдар орнатылып, жалпы ұзындығы 15,9 шақырым электр желілері тартылды).
Сондай-ақ, өтпелі жоба саналатын Қазалы қаласы электр желілерін қайта жаңғырту жобасы мердігер мекеме тарапынан жүзеге асырылуда. Жоба бойынша 16,64 шақырым ішкі электр желілері жаңартылатын болады. Жоба құны – 148,7 миллион тг.(РБ- 133,8 миллион теңге, ОБ-14,87 миллион теңге) миллион теңге.
Әйтеке би кенті мен Түктібаев ауылының электр желілерін қайта жаңғырту үшін әзірленген жоба Республикалық бюджеттен қаржыландыруға ұсынылып, Ү.Түктібаев ауылына 2022 жылға қаржы бөлінсе, Әйтеке би кентіне «Ауыл Ел бесігі» арнайы жобасымен 187,6 миллион теңге қаржы қаралып отыр.
«Әйтеке би кенті 324,4 миллион теңге, Түктібаев ауылы 253,1 миллион теңге қаралды. 2023 жылы Қазалы қаласы, Қожабақы, Жанқожа батыр, Ақтан батыр, Бірлік елді мекендерінің электр желісін қайта жаңғырту жобасын әзірлеп, қаржыландыруға ұсыну жоспарлануда», – дейді Қазалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Жасұлан Сыдықов.
Сарбұлақ елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету (скважина) жобасының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге аудандық бюджеттен 2,9 миллион теңге бөлініп, сатып алу жұмыстары жүруде.
Сарқынды суларды бұру қызметі бойынша Әйтеке би кентіндегі кәріз жүйесін кеңейту және қайта жаңғырту жобаларын әзірлеуге аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, жоба-сметалық құжаттары әзірленуде.
Қазалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қызметкерлері кәріз жүйесін кеңейту жобасы бойынша аудандық аурухананың екінші ғимаратынан (Туб больница) бастап жаңадан ашылған тұрғын аймақтар мен мөлтек ауданда орналасқан көп қабатты үйлер қамтылатын болады.
Қайта жаңғырту жобасы бойынша пайдаланудағы құбырларды жаңартып, кәріз желісінің жүру бағытына өзгеріс енгізіп (Әйтеке би-Жанқожа көшелері арқылы орталық базар аумағын қамту) тұтынушылар санын арттыру жоспарланған.
Әйтеке би кенті 5 кварталдағы 18 пәтерлі 6 жалдамалы тұрғын үйдің, аумағы абаттандыру жұмыстарына облыстық бюджеттен барлығы 171,5 миллион теңге қаржы бөлініп, мердігер мекемемен жасалынған шартқа сәйкес жұмысты аяқтау жоспарлануда. Оған облыстық бюджеттен 22,2 миллион теңге қаржы қаралып, қосымша келісім шарт әзірленді.
Анықтама ретінде айтатын болсақ, жобада балалар алаңы – 428,54 шаршы метр, көше тренажерлері – 130,38 шаршы метр, субұрқақ, беседка алаңы – 35,0 шаршы метр, әткеншекке арналған алаң – 80,0 шаршы метр және тағы басқа да жұмыс түрлері қарастырылған.
Алғашында кезектілікке орай, аудан бойынша бүгінгі күнге мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ретінде «Kezekte.kz» ақпараттық жүйесінде 1903 азамат(ша) кезекте тұр. Оның ішінде, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары - 897, көпбалалы отбасы - 503, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - 208, бюджеттік сала қызметкерлері - 295-ке жетті.
Берілген тұрғын үйлер бойынша бүгінгі күнге коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға барлығы - 211 тұрғын үйлер мен пәтерлер берілген.
Сонымен қатар, Қазақстан республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі №673 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйлерді жекешелендіру» қағидаларына сәйкес 40 үйлер тұрғын үй комиссиясының шешімдері негізінде жекешелендірілді.
Ал, қалған 171 тұрғын үй, пәтерлер тұрғын үйге мұқтаж азамат(ша)ларға келісім шарт негізінде беріліп отыр.
Кредиттік тұрғын үйлер бойынша 2020 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен салынған Әйтеке би кенті, 5 квартал аумағынан бір қабатты төрт пәтерлі 10 тұрғын үйлерді «Отбасы банк» акционерлік қоғамы Қызылорда филиалы арқылы «Нұрлы жер» (5-20-25) мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сату жоспарланған.
Нәтижесінде, тұрғын үйді сатып алуға ниет білдіруші тұлғалардың Бағдарлама талаптарына сәйкес келмейтіні анықталып, кейіннен «Отбасы банк» өтініштер қабылдауды уақытша тоқтатты.
Осы себепті, бүгінгі күнге аталған пәтерлерді тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекте тұрған азаматтарға заң талаптарына сәйкес кезектілік тәртібімен беру көзделуде деген мәліметтерімен Қазалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Жасұлан Сыдықов бөлісті.