Kyzylorda-news.kz.  «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында елдімекендерде орналасқан саябақтар, скверлер, парктер мен аллеялар аумағын абаттандыру жұмыстары атқарылуда.

Осыған орай, Әйтеке би кентіндегі «Жеңіс» саябағында «Biz taza aimaq ushin» акциясы жүргізіліп, 300 түп ағаш отырғызылды. Бұл жұмыстар аясында кент орталығындағы саябақтар мен скверлер, аллеялар аумағына 2000 түп жасыл желек отырғызу жоспарланған. Сонымен қатар, Қазалыда «Жасыл аймақ» апталығы аясында бірқатар көгалдандыру шаралары өткізілуде.

Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен басталған республикалық экологиялық акция бес түрлі апталыққа бөлінген болатын. Әр апталықта әр өңір табиғатқа қамқорлық шараларын өткізіп, экологияның жақсаруына атсалысуда.

Елішілік шараның үшінші аптасы – «Жасыл аймақ» бойынша аулаларды абаттандыру, көшет отырғызып, көгалды аймақ көлемін ұлғайту көзделген.

Осыған сәйкес, аудан орталығында көгалдандыру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Әйтеке би кентінің жасыл аймағын ұлғайту мақсатында күнделікті ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде.

Одан бөлек, «Жасыл аймақ» апталығы басталғалы бері орталықтағы сквер, саябақ, аллеяларда көпжылдық, біржылдық гүл түрлері отырғызылуда.

Тағы да оқыңыз: