Kyzylorda-news.kz. ​Бүгін Қазалы аудандық жастар ресурстық орталығында аудан жастарымен еркен форматта кездесу өтті. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Даурен Тілеумбетов, Ауған соғысының ардагері Күмісбай Серікбаев қатысып, жастармен пікір алмасты. 

Басты мақсат – жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, әскери-патриоттық рух қалыптастыру, азаматтарды Отан алдындағы борышын өтеуге шақыру.

Ауған соғысының ардагері Күмісбай Серікбаев қазіргі таңда елдің патриоттары болатын ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұрғанын айтып, жастарды  Отан алдындағы борышын өтеуге шақырды. 

Ал жас сарбаз Бағдат Әділхан әскердегі қызмет, жауынгерге тән жауапкершілік, ондағы қызықты сәттер туралы әңгімеледі.

«Әскерге барудан қашпау керек, онда өткен уақыттың әрбір минуты қызықты деуге болады. Қасыңда жүрген жолдастарың бір жылдың ішінде бір үйдің балаларындай болып кетеді. Әскерге бару арқылы көптеген достар таптық, тазалықты, ұқыптылықты, азамат ретінде жауапкершілікті сезінуді үйрендік»,- дейді жас сарбаз.

Аудан әкімінің орынбасары Даурен Тілеумбетов еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету патриоттық сезімі бар жастардың қолында екендігін  және ауданда жыл сайын дәстүрлі түрде күзгі және көктемгі мерзімде әскерге шақыру науқаны жүретінін айтты. 

Кездесу соңында жастар сұрақтар қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Безымянный.jpg

Тағы да оқыңыз: