Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қазалы ауданында «Жаңа дәуір – жаңа Қазақстан» атты жастар фестивалі басталды.

Е.Бозғұлов атындағы мектеп-лицейде өткен  фестивальдің ашылу салтанатына Қазалы ауданы  әкімінің орынбасары Даурен Тлеумбетов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің экономика және қаржы факультетінің деканы, экономика ғылымдарының кандидаты Нұрлан Серікұлы мен университет мамандары қатысып, жастарға сәттілік тіледі. 

Салтанатты шара барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры, филология ғылымдарының кандидаты Бейбіткүл Сәрсемханқызының атына Қазалы ауданы әкімінің Алғыс хаты табысталды. 

Фестиваль аясында 200-ден астам қазалылық жас жаратылыстану мен бизнес жобаларында, интеллектуалдық және патриоттық әндер байқауында бақ сынайтын болады. 

Фестивальдің ғылыми жобалар бағыты бойынша жүлдегерлерге Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне 4 жыл тегін оқу гранты табысталмақ. Сонымен қатар, универсиеттің оқу ақысына 50 пайыздық және 25 пайыздық жеңілдік жолдары да қарастырылған.

Аталған фестиваль жастарды қанаттандырары белгілі. Ел болашағы жастардың білім алуына жол ашатын мұндай шаралар көптеп ұйымдастырылғаны жөн.

Казалы.jpg

Тағы да оқыңыз: