Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданы көлемінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына және Қызылорда облысы полиция департаментінің ювеналды полиция тобының 2023 жылдың 2-тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың маусым айының 7-9 күндері аралығында «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілде. 

Іс-шара аясында Қазалы ауданы полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің Ювеналды полиция тобының инспекторы полиция капитаны Н.Ағыбай Қазалы ауданы, Қазалы қаласында орналасқан дүкендер мен сауда үйлеріне рейдтік жұмыстар жүргізіп, ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 423-1-бабы жиырма бір жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сатумен және 21 жасқа толмағандарға ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарының бұзылмауы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

Тағы да оқыңыз: