Kyzylorda-news.kz. Шәкен ауылындағы №134 мектебінде «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының «Шәкен ауылы» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен партияластар арасында әртүрлі спорт түрлерінен сайыс өткізілді.
Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Бақытты отбасы» және «Ұлттық мұра» партиялық жобалары аясында ұйымдастырылды. Ұлттық құндылықтарды дамыту бағытында өткізілетін партиялық іс-шараларды жүйелеу және біріздендіру мақсатында «Ұлттық мұра» партиялық жобасын бекіту жөнінде ұсыныс мақұлданғанына биыл 2 жыл болды. Бұл жоба «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының бағыттарын жүйелі іске асыруға ықпал етіп, өзекті мәселелерді партия кеңесінің шеңберінде тұрақты талқылауға мүмкіндік бермек. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың жобалары мен партия филиалдарының шаралары аталған «Бақытты отбасы» жоба аясында жүйелі топтастырылып келеді.
Спорттық сайыста аманаттықтар төрт топқа бөлініп, өзара бақтарын сынады. Әр кезеңде қатысушылардан ұжымдық күшті, ептілікті әрі шапшаңдықты қажет ететін тапсырмаларды орындау талап етілді. Нәтижесінде мықтылар анықталып, дүбірлі дода жүлделері өзара сарапқа салынды.
Айта кетейік, аталмыш іс-шара бастауыш партия ұйымына қайтарылған жарна есебінен өткізілді.
