Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетовтің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті. 

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша Қазалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған шаралар туралы бөлім басшысы Мұрат Әбсұлтанов, құрылыс саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытында бөліммен жүргізілген жұмыстар туралы бөлім басшысы Нұрбек Күзембаев баяндады. 

Биыл аудан әкімдігімен №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты іске асырылуда. Жоба барысында аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар және оларға бағынысты квазимемлекеттік сектор субъектілерімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесі бекітіліп, талдаулар жүргізілуде.

Осыған байланысты аудан әкімінің орынбасары Дәурен Оңғарбайұлы деребс бөлім басшыларына бұл бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру барысында жауапкершілікпен қарауды қатаң тапсырды. Сондай-ақ, №4 үлгілік базалық бағытын іске асыру жобалары бойынша тапсырмаларды белгіленген  мерзімде орындамаған немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік бар екенін ескертті.

Тағы да оқыңыз: