Kyzylorda-news.kz. Қазалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мен аудандық төтенше жағдай қызметкерлері бірлескен шаралар өткізуде.
Қазалы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері мен аудандық төтенше жағдай қызметкерлері бірлесіп жазғы суға шомылу маусымы кезеңінде жауапты сала мамандарын тарта отырып, рейдтік және патрульдеу іс-шаралары ұйымдастырылуда.
Басты мақсат – аудан аумағынан өтетін Сырдария өзені жағалауы мен аудандағы су айдындарында тұрғындарға, әсіресе жастар мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
«Рейдтік шаралар кезінде су айдындары араланып судағы қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, үнпарақтар таратылуда. Сонымен бірге, есепті мерзімде белгіленбеген жерде суға шомылғаны үшін 8 азаматқа Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодекстің 364-бабына сәйкес шаралар көрілгенін назарларыңызға саламыз.
Құрметті аудан тұрғындары! Бұл жұмыстар күнделікті жүргізілетіндігін ескерте отырып, белгіленбеген орындарда суға түспеулеріңізді, балаларыңыздың суға шомылуына жол бермеу бағытында жүріс-тұрысын қадағалауға алуларыңызды сұраймыз. Бұл ретте әр адамның жауапкершілігі аса маңызды», – дейді сала мамандары тұрғындарға.