Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданының мәдениет және спорт бөлімінің қолдауымен, Қызылқұм ауылдық округі әкімі аппаратының «Кәукей ауылдық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ұйымдастыруымен, Ұлттық жаңғыру «туған жерге тағзым» жобасы аясында, мерейлі «Ауыл күні» бағдарламасы бойынша дәстүрлі мерекесіне орай «Сазды әнім саған-туған жер» атты аудандық әншілер байқауы өткізілді. 

Ән байқауы тек бір кезең бойынша өткізілді. Қатысушы талапкерлер туған жер тақырыбындағы бір ғана әнін орындады. Бір кезең бойынша өткізілген байқауда Әйтеке би кенттік мәдениет үйінің қызметкері Рақымжан Мақсатбаев, №225 орта мектептің музыка пәнінің мұғалімі, аудандық ән байқауларының жүлдегері Рахат Ерполатұлы, ән байқауына қаржылай демеушілік жасаған ауылымыздың 1974 жылғы қыз-жігіттерінің атынан Мейрамбай Сақтағанов қазылық жасады. 

Тартысты өткен әншілердің аудандық байқауының нәтижесі төмендегідей болды:

Бас жүлде Карима Нағи /Каукей ауылы/, І орын  Айтолқын Іскендір /Басықара ауылы, ІІ орын — Бауыржан Қауымбай /Қазалы қалалық мәдениет Үйі/, ІІІ орын — Әйгерім Кубекова /Бірлік ауылы және Ақылбек Мақатаев /Әйтеке би кенттік мәдениет Үйі/ бұйырды.  

Сондай-ақ қатысқаны үшін Тұрсынбек Тәуекелов, Жарылқасын Жұбандық, Құлпыбай Жөкеев, Рауан Шүленбаева, Жасқанат Рахатов, Қасым Балымбетов, Жансұлу Әли, Тілеумұрат Серік, Замзагүл Ізтілеуова, Зәуре Қалиева алғыс хат иеленді. 

«Туған жерге туыңды тік»-деп бабаларымыз бекер айтпаған. Ендеше осындай ауыл ұғымын ұлықтайтын, насихаттайтын рухани іс-шараларымыз алдағы уақыттада өз жалғасын табады.

Тағы да оқыңыз: