Kyzylorda-news.kz Қазалы ауданы әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Ринат Тілептің төрағалығымен мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексі, заңнама талаптарын қатаң түрде сақталу мәселелеріне қатысты арнайы мәжіліс өтті.

Мәжілісте әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелерге тоқталып, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату, Мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қойылатын шектеулер жайында сөз қозғап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, жиын барысында аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы Нұрлан Толыбаев «Мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормалары мен мінез-құлық қағидалары туралы» хабарлама жасады.

Мәжілісте Ринат Ибайдуллаұлы мемлекеттік қызметшілерді Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне сәйкес бекітілген барлық талаптарды сақтауға шақырды.

Тазалық жұмыстары күн тәртібінен түспейді

Сонымен қатар, қазірде күн тәртібінен түспейтін басты мәселелердің бірі – тазалық жұмыстары. Халқымыз «Бірінші байлық – денсаулық, денсаулық кепілі – тазалық» демекші, қоршаған ортаның таза болуы тұрғындар үшін аса маңызды.

Қазалы ауданында санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру шаралары, яғни, жаппай сенбілік жұмыстары ұйымдастырылады.

Таң сәріден Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті, ауылдық округ және дербес бөлімдер, әкімдікке қарасты барлық мекеме қызметкерлері және аудан тұрғындары тазалық жұмыстарына белсенді атсалысты.

Мәселен, елді мекендерге баратын автожолдардың жиегі, аудан орталығындағы Рәміздер алаңы аумағы, Әйтеке би кентінің орталық көшелері тазартылып және жол жиегіндегі бордюрлері әктеліп, көше бойындағы ретсіз өскен шөптер шабылды. Сенбілік барысында жиналған қоқыстардың барлығы арнайы техникалармен қоқыс төгетін орындарға шығарылды.

Тағы да оқыңыз: