Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ, қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік кеңесші органның кезекті комиссия отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Аудандық пробация қызметі бөлімінің басшысы Ербол Сражатов қылмыстық жазаны қолдану тәртібімен қоғамдық жұмыстарға тартылған азаматтарға қатысты 2023 жылы атқарылатын жұмыстар және оларға қоғамдық обьектілерді нақтылау жөнінде баяндады.
Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директорының міндетін атқарушы Алтынбек Төреханов пробация қызметі есебіндегілер мен жазасын өтеп келген азаматтар үшін «2023 жылға арналған жұмыс орындарына квота белгілеу» туралы аудан әкімдігінің 2022 жылғы 22 қарашадағы №173 қаулысының орындалуы туралы мәлімдеді.
Комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов отырысты қорытындылай келе, тиісті сала басшыларына пробация қызметінің есебіндегілердің құқықтары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуді, тұрақты жұмысқа орналасқан тұлғалардың салыстырмалы статистикалық есебін тоқсан сайын қалыптастыруды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның бағыттарының шараларына белсенді қатыстыруды тапсырды.