maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаевтың апта сайын өтетін жеке қабылдауында түрлі мәселелер көтеріледі. Тұрғындардың бірі тұрақты жұмысқа орналастыруды сұраса, енді бірі көшеге асфальт төсеуді сұрайды. 

Ал, Әйтеке би кентіндегі 5 қабатты үйдің тұрғындары ғимарат төбесіне шатыр орнатып, жауын-шашыннан қорғау жөнінде өтініш айтады. Бір қарағанда қарапайым ғана мәселенің шешілу жолы оңай болғанмен, іс жүзінде олай емес. Себебі, бұл үйлер жеке тұрғындарға тиесілі болғандықтан бюджеттен қаржы бөлуге мүмкіндік жоқ. Сондықтан да көпқабатты тұрғын үйдің төбесіне шатыр орнату жұмыстары аудан кәсіпкерлерінің демеушілігімен жүзеге асырылуда. 

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тиісті сала басшыларымен бірге Желтоқсан көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйге арнайы барып, құрылыс жұмыстарының барысын көрді. Тиісті сала басшыларына жауын-шашын басталмай тұрып, белгіленген жұмысты сапалы етіп аяқтауды тапсырды.

Мұнан соң Мұхтар Әуесұлы көпқабатты тұрғын үйдің ауласында «Жаңақала» пәтериелері кооперативінің төрағасы Әлмұрат Амановқа балалар ойын алаңының қоршауларын ретке келтіріп, тазалық сақтауға шақырды.

казалы2.jpg

Тағы да оқыңыз: