Kyzylorda-news.kz. Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде қыз баланың өсіп дамуына қолайлы психологиялық және әлеуметтік жағдай жасау, келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу, өмірге құштарлығын арттыру және қыз балалар арасында кездесетін суицид, зорлық-зомбылық, ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып, қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңiл бөлуге ақыл-кеңестер беру мақсатында «Қыз сұлу көрінеді әдебімен...!» тақырыбында семинар-тренинг болып өтті. 

Семинарға аудан орталығындағы №165, №204, №276 орта мектептердің 9-11 сынып қыз балалары мен Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі мен Қазалы гуманитарлық техникалық колледжінің студенттері қатысты. Аталмыш шараны  директордың тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Күзембаева ашып, қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызы, қоғамдағы қыз бала тәрбиесін тілге тиек ете отырып, қыздардың тән мен ар тазалығы туралы мәлімдеді.

Кеш қонақтары Қазалы аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Р.Асанова, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі, еңбек ардагері Г.Тұяқбаева және Қазалы аудандық мәслихат депутаты, Қазалы аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ш.Асқарова, Қазалы АПБ, ЖПҚб, ЮПт-ның ага инспекторы, полиция майоры М.Бегалиева және Қазалы аудандық Жастар Денсаулығы бөлімінің дәрігері Ә.Алиева мен колледжішілік ата-аналар комитетінің төрағасы Б.Айтбаева мектеп жасындағы қыз балалардың тағдыры жөнінде тағылымды ақпарат беріп, қыздардың сырласы анасы болғандықтан, анасынан ешқандай сыр жасырмау керек екендігін баса айтты. 

Сонымен қатар, қыздардың кешкі уақытта үйден шықпауын, интернет желісінде түрлі әлеуметтік желілерде отырмауын тапсырып, кеңестерін беріп, қыздар арасындағы ерте жүктіліктің салдары, денсаулыққа зияны, өмірге қауіптілігі туралы ауқымды әңгіме жүргізіп, қыздардың жеке бас гигиенасы, тазалығы жайлы түсіндірме жұмыстарын жасады. Қыз балалар арасында жат қылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейте отырып, қоғам назарын қыз тәрбиесіне арнау мақсатында өткізілген жиналыста еркін форматта пікір алмасу болып, №204 мектептің педагог-психологы, мектепішілік «Жантану» психологиялық клубының жетекшісі Ж.Бисенова оқушылармен тренинг жүргізді.

Тағы да оқыңыз: