Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қазалыда «Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілді.

Оқу жаттығу жиынына облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары подполковник Бекболат Әбдіқадыров пен аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков арнайы қатысты.

Оқу жаттығулар қысқы уақытта ықтимал болатын төтенше жағдайларды жою бойынша азаматтық қорғаныс құрылымы мен қызметтерінің даярлығын тексеру мен жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.

Жаттығу барысында жасақ жетекшілерінің өзіне жүктелген функционалдық міндеттері тыңдалып, тиісті тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, «Қыс-2022» оқу-жаттығу аясында төтенше жағдайларды жою бойынша іс-әрекеттерді пысықтауға арнайы-тактикалық жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құрамаларымен практикалық әрекеттер өткізілді.

Айта кетейік, оқу-жаттығуға барлығы 74 техника мен 200-ге жуық адам жұмылдырылды. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты - қыс кезеңінде болуы мүмкін төтенше жағдайлар кезінде басшы құрамның басқару, шешім қабылдау, азаматтық қорғау органдарымен өзара әрекет ету, авариялық-құтқару жұмыстарына күш-құралдарды дайындыққа келтіру, жергілікті азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығын тексеру, өзара іс-қимылдарды пысықтау.

 

316427556_3520910538129868_6980505374007781628_n.jpg

 

316935545_3520910521463203_7905097440322015255_n.jpg

 

316421407_3520910534796535_5583868710793150088_n.jpg

 

316835473_3520910654796523_6228101919038586510_n.jpg

 

316684652_3520910664796522_5863385213544803074_n.jpg

Тағы да оқыңыз: