Kyzylorda-news.kz Құрылыс саласының дамуы, елдің экономикалық, әлеуметтік жағдайының арта түсуіне тікелей әсер етеді. Соңғы жылдары облыста құрылыс саласы қарқынды дамып келеді. Биылғы жылы қазалылықтардың да көкейлерінде жүрген мәселелері оң шешімін тапты. Бірнеше құрылыс нысандары пайдалануға беріліп, жұртшылық үлкен қуанышқа бөленді.

Қазалыда әсіресе, кейінгі жылдары құрылыстың қарқыны ерекше өсті. Тіпті, шалғайдағы ауылдардың өзінде бірқатар әлеуметтік нысандар салынуда. Аймақ басшысының тапсырмасымен, облыстың өзге аудандарында «Руханият» орталықтарының құрылысы жүріп жатыр. Мұндай орталық біздің ауданда да бой көтере ме?

Биыл Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен, 2024 жыл Сыр өңірінде «Руханият» жылы болып жарияланды. Жыл аясында өңірде мәдени-көпшілік шаралар ғана емес, ауқымды жобалар жүзеге асырылмақ. Барлық аудандарда облыс әкімінің бастамасымен «Руханият» орталықтарының құрылысы басталуда. Жуық арада Қазалы ауданында құны – 1,7 миллиард теңге болатын осы нысанның іргетасы қаланбақ. Орталықтың орны Әйтеке би кенті, Жанқожа батыр көшесі бойындағы Қазалы ауданы әкімдігі мен Роза Бағланова атындағы мәдениет орталығы ғимаратының ортасынан белгіленді. Рухани кешен құрылысы аяқталғаннан кейін музей, кітапхана, мұрағат, неке қию залы, ардагерлер және аналар кеңесі, жастар орталықтары, азаматтық қоғам өкілдері мен тарихи-мәдени ұйымдар осы типтік үлгідегі орталыққа біріктіріліп, халыққа қызмет ететін болады.

Құрылыс саласында қарқын бар. Биыл Қазалы ауданында бірқатар нысандар ел игілігіне пайдалануға берілмек. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды», – деген болатын.

Міне, осы қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Жанқожа батыр ауылынан 300 орындық мектеп ғимаратының құрылысы жүргізілуде. Мектепті қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарланған. Мердігер – «Асар» ЖШС.

Қазіргі уақытта 2-ші қабатының кірпіш қалау жұмыстары жүруде. Ішкі сылақ, терезе орнату, жертөленің жылу жүйесі және кәріз желісін жүргізу жұмыстары құрылыс талаптарына сай қатар атқарылуда. Осы жоба аясында биыл Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының аралығынан салу жоспарланған 600 орындық мектептің құрылысы басталады.

2024 жылға «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 3 спорт кешені және 1 ауылдық клуб нысаны құрылысын бастауға 200 миллион теңге бөлініп, мердігерлері анықталып, құрылысқа кіріскен.

Олар – құны 628,7 миллион теңге болатын Әйтеке би кентінденгі «Жеңіс» саябағынан спорт кешені, 398,4 миллион теңге болып белгіленген Бекарыстан би және Қожабақы ауылдарынан спорт кешендері. Құны – 537,7 миллион теңге. Бұл қатарда құны 399,1 миллион теңге болатын Майдакөл ауылынан 100 орындық клуб та бар.

Былтыр Қазалы ауданында халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы 50 отбасыға ¬баспана тапсырылған болатын. Биыл да үлгілі үрдіс жалғасып, жалға берілетін тұрғын жай сатып алуға қаржы бөлініп, барлығы 2 пәтерлі 75 тұрғын үйдің құрылысы басталды.

Бастапқы 21 тұрғын жайды сатып алуға 266,973 миллион теңге бөлінсе, қосымша облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына 129 тұрғын жай сатып алуға бюджеттік өтінім тапсырылды.

Жалпы, құрылыс саласы – экономикалық өсімнің бір көрсеткіші. Қай елде құрылыс қыз-қыз қайнап жатса, демек сол елде экономикалық өсім бар деген сөз. Еске түсірейікші, өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары елде, мардымды құрылыс жүргізілмеді. Өйткені оны экономикамыз көтермеді. Тек мемлекет қазынасының бүйірі қампайған кезеңнен бастап құрылысқа, әсіресе тұрғын үй құрылысына көңіл бөліне бастады. Қызылорда да дәл сол уақыттан бастап көпқабатты жаңа шағын аудандар бой көтерді. Осылайша, экономикалық өсімнің нәтижесінде құрылыс саласына жан бітіп, ол кезегінде басқа салалардың өркен жаюына жол ашты. Соның бірі – құрылыс индустриясы. Оған елімізде салынып жатқан тұрғын үй құрылысына жұмсалатын материалдардың негізгі денін отан-дық өнім құрауға тиіс деген бағдарлама да үлкен септігін тигізді. Сол арқылы құрылыс нысандарының салынуымен бірге қажетті материалдарды өндіретін зауыттардың қатары артты. Ондай кәсіпорындар республиканың үшінші мегаполисінде көп-ақ. Олар қалада шағын және орта бизнестің дамуына жол ашса, екіншіден, қаншама адам бүгінде құрылыс алаңдарында немесе құрылыс материалдарын өн¬діретін кәсіпорында еңбек етіп жүр. Еліміз егемендік алған елең-алаң шақта құрылыс саласы құрдымға кетті десек те болады. Соның ішінде тұрғын үй құрылысын салу жұмыстары өте баяулады. Мәселен, Қызылорда қаласындағы 80-жылдардың ортасында басталған «Мерей» шағынауданының құрылысы 2004 жылы тоқтады. Сонымен қатар 1990 жылдың басында сол кездегі жаңа технологиялармен жабдықталған гофрокартон шығаратын жаңа цехтың құрылысы басталған еді. Алайда КСРО-ның ыдырауына байланысты сол кезде сырттан тасылатын шикізаттың қымбатқа түсу әсерінен зауыт банкротқа ұшырап, өндіріс тоқтады. Бірақ көп өтпей жас мемлекеттің буыны қатайып, өзінің жоқ-жітігін түгендей бастады. Сындарлы саясаттың арқасында ел еңсесін тіктеп, олқылықтардың орнын толтыруға кірісті. Тәуелсіздік алғаннан кейін Арал теңізінің тартылып, экологиялық апат аймағына айналуы бүкіл дүниежүзін алаңдатқан оқиға болды. Елбасының тікелей қолдауымен «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтап қалу» жобасы дүниеге келіп, Көкарал бөгеті тұрғызылды, Ақлақ су тоспасы салынды. Кіші Арал теңізі сақталып, елдің ризық-несібесіне айналды. Арал ауданында балық шаруашылығы қайта өркендеп, балықшылар атакәсібіне қайта оралды. Жағалаудағы елді мекендердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жақсарды. Бүгінде Аралда бұрынғы Кеңес заманында болмаған жаңа технологиялы балық зауыттары жұмыс істейді. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев қасиетті Арал топырағында тұрып «Мен Аралға көмектессем деген арманыма жеткеніме қуаныштымын» деген сөзі халық жадында мәңгі қалды. Одан соң «Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» теміржол желілерінің құрылысы жүргізіліп, Сексеуіл арқылы өтетін теміржол бойында көптеген нысан ашылды, жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылды. Ал 2014 жылы Қорқыт ата мемориалдық ескерткіші қайта жаңғыртудан өтіп, кешен болып құрылды. Зиярат орталығы салынды. Кешен EXPO-2017 мамандандырылған көрме аясында шет мемлекеттерден келген 3 мыңға жуық қонақты қабылдады. Қазір Сыр өңірі құрылыс алаңына айналды десек те болады.

Сондықтан жалпы бұл саланың дамуының әлеуметтік маңызы ел үшін өте зор. Тіпті осыдан он шақты жыл бұрын бүкіл дүние жүзін жайлаған қаржылық-экономикалық дағдарыстың кезінде еліміз әлеуметтік нысандарды жөндеу арқылы халықты жұмыспен қамтып, бұл дағдарыстан аман-есен өткен болатын. Ендеше, құрылыс саласы – ел экономикасының нағыз барометрі екені айтпаса да белгілі.

Жалпы жасалған және жасалатын жұмыстардың бәрі де халық сұранысын қамтамасыз етіп, елдің игілігі үшін қолға алынған жұмыстар. Сондықтан, алдағы уақытта да құрылыс жұмыстары Қазалы ауданында қарқын алып, аудан жұртшылығының қажеттіліктері өтеле бермек. Қай саланың болсын қозғаушы күші құрылыс екеніне ешкім дау айта қоймас. Сондықтан мемлекеттік өсіп-өнуі осы салаға тікелей байланысты. Қызылордалық құрылысшылар тәуелсіздіктің соңғы жеті жылында облыста барлығы 200-ден аса әлеуметтік нысан қалап, өңір әлеуетінің артуына тер төкті.

Қарап отырсақ, бұл жыл аудан жұртшылығы үшін игі істер мен жарқын бастамалар қолға алынып, жүйелі жұмыстар жүзеге асқан мерейлі жыл болды. Шынында, құрылыс – қарқынды дамудың көрсеткіші. Ынтымақ пен бірлікті үлгі еткен қазалылықтардың алар асуы алда. Адам көзі түскен нәрсесіне баға беру үшін оның кешегі қалпы мен бүгінгі қалпына салыстырмалы түрде қарауға тура келеді. Біздің көзқарасымызда аудан келбетінде көп өзгерістер бар. Құрылыс саласы қарқынды дамып келе жатпағанымен, жылдан жылға ілгерілеушілік білінеді. Өткен жылдың өзінде халыққа қызмет көрсететін 6 жаңа нысан іске қосылды. Иіні келген істің игілігін халық көре бастады. Алдағы уақытта да ауданымызда қажеттілікке қарай құрылыс нысандары өз кезегімен жоспарлы түрде бой көтереді.

Құрылыс саласы еңбек сыйымдылығын көп қажет ететіндіктен жергілікті халықты жұмыспен қамтиды және салынған инфрақұрылым үй шаруашылығы мен экономиканың басқа да салаларының әрекет етуіне қажет. Осы кезге дейін Қазақстан экономикасының өсуінің үлкен бөлігі шикізат салаларының ықпалымен қуатталды, бірақ аталмыш саланың әлеуеті іс жүзінде өзін тауысты. Елге жетілу және дамудың жаңа бастаулары керек. Қазақстан экономикасының диверсификациялануы соңғы уақытта өткір сезілуде. Алайда экономика саласының дамуы елдегі ішкі инфрақұрылымдарға байланысты. Сондықтан әлеуметтік және экономикалық инфрақұрылымның қалыптасуының негізі саналатын құрылыстық саланың әлуетін арттыру мәселесі өзекті. Бүгінде Қазақстан Республикасы өндіріс саласын жаңа деңгейге шығару мақсатында арнайы стратегиялық бағытты таңдап отыр. Атап айтсақ отандық тұрмыстық тауар өндірушілерді жан-жақты қолдап, олардың нарыққа ұсынатын тауарларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды мақсат етіп отыр. Жаңа өндіріс қуаттарын іске қосу және еңбекшілердің тұрғын үйлер құрылыстарын одан әрі жақсарту басты міндеттердің бірі болып отырған жағдайда, құрылыс техникасымен, оның ішінде құрылыс материалдарын өндіру болып отыр.

Бұл күндері өндіруші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге қабілетті ірі экспортқа бағдарланған тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетуді өндіру, сондай-ақ өндірілетін өнімге халықаралық сапа стандарттарын енгізу керек, құрылыс саласын серпінді дамыту үшін жағдай жасап, халықтың қалың қауымы, соның ішінде әлеуметтік қорғалатын жіктері үшін тұрғын үй құрылысы қарқынын арттырудың маңызы жоғары. Жеке тұрғын үй құрылысы жоба бойынша жүзеге асырылады. Жобада тұрғын үйлерге арналған ең төменгi мемлекеттiк қалыптар мен стандарттардан кем болмайтын қауiпсiз тұру шарттарына сай келетiн конструкциялық және жоспарлау шешiмдерi көрсетiледi. Тұрғын үйдi, басқа да құрылыстар мен ғимараттарды пайдалану және осы мақсатқа жұмсалған шығында, сондай-ақ күрделi жөндеу мен қоныс учаскесiнiң шегiндегi аумақта инженерлiк қорғау жөнiндегi қажеттi шаралар (бұл талап етiлетiн жерде) үшiн жеке тұрғын үйдi меншiктенушi жауапты болады.

Қазіргі таңда тендер тиімсіз, себебі қаражатты тендер арқылы ұтып алғанмен, ол бөлінген ақша толықтай құрылыс жұмыстарына жұмсалмауының салдарынан сапасыз құрылыс нысандары көбеюде. Қала құрылысын жоспарлау мен ұйымдастыру, аумақтар мен елді мекендерді дамыту, аумақтарды қала құрылысына пайдалану түрлерін анықтау, қала құрылысы кеңістігін қалыптастырудың, қала құрылысы жобасын жасаудың шығармашылық процесін, қала құрылысы құжаттамасының барлық шектес бөлімдерін үйлестіруді қамтитын қалалар мен елді мекендерді кешенді жоспарлауға және аумақтағы барлық объектілердің экономикалық, шаруашылық, табиғи және құқықтық жағдайлары туралы мәліметтерді жинау, жүйелеу, сақтау және жаңартып отыру жөнінде біртұтас ақпараттық басқару жүйесін құруды қамтамасыз етуге бағытталған.

Құрылыс саласындағы заманауи технологияларды, мысалы: ғимараттар мен құрылыстарды жаңғырту үшін жаңа материалдардан жасалған конструкцияларды пайдалану, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, кеңселерді, тұрғын үйлерді сумен, кондиционермен жабдықтау бойынша заманауи шешімдерді қолдану және тағы да басқа жақсы білетін, оларды сала ішінде ілгерілететін және оларды нақты жобаларға енгізетін маман сұранысқа ие.

Құрылыс − ел экономикасы өсімінің басты драйвері. Кез келген мемлекеттің, қоғамның ілгері басуына оның құрылыс, сәулет саласына қарап баға беруге болады. Бүгінде өңірде қазына қаржысынан бөлек демеушілердің қолдауымен де жақсы жұмыстар атқарылуда. Қызылорда қаласын абаттандыру және көркейтуге  ерекше мән берілген. Бұл бағыттағы жұмыстар қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылуда.

Айта кеткен жөн, өңірде өнімді істер қолға алынған. Себебі көптеген нысандарды салуда демеушілер тарапынан қолдау көп. Одан соң қазіргі таңда қала «көгілдір отынмен» толық қамтылып, аяқсу мәселесі де ретке келтірілуде. Күннен күнге көркейіп, кемелденіп келе жатқан шаһардың тазалығын сақтау, тиісті сала қызметкерлерінің жұмысын жеңілдету мақсатында арнайы техникалар алынған. Көпқабатты үйлердің қасбеті де жаңаланды. Бұқаралық спортты дамытып, салауатты ұрпақ тәрбиелеудің алғышарттарының бірі саналатын ойын алаңдары көптеп салынуда. Осы орайда бүгініміз бен болашағымызға бейжай қарамаған азаматтардың туған жерге деген ыстық ықыласының көрінісі ретінде демеушілердің көмегімен бой көтеріп жатқан әлеуметтік нысандардың бар екенін тілге тиек етіп көрейік.

Аймақ басшысының бастамасымен облыс орталығында бір мезетте үш ғимараттың іргетасы қаланды. «Неке сарайы», «Өнер орталығы», сонымен қатар, белгілі кәсіпкер Марат Дүйсенбаевтың демеушілігімен «Анаға тағзым» орталығы. Бүгінде аталған орталықтар ашылып, ел игілігіне берілді. Бұл ғимараттар қаламыздың сәулеттік келбетіне көрік қосып, ынтымағы жарасқан тұрғындарға ерекше тарту болды. Инфрақұрылымдық әлеуетті дамытуда Болат Өтемұратов  қорының қаржысына «Қорқыт ата» әуежайы жаңа терминалының құрылысы аяқталды. 17 миллиард теңгеге жуық қаржыға салынған жаңа терминал халықаралық талаптарға сай. Ғимарат жақын арада пайдалануға берілмек.

Айтып өтетін жайт, қазіргі әуежай жылына 306 мың адамға қызмет көрсетсе, жаңа терминал іске қосылғаннан кейін 500 мыңнан астам жолаушыны қабылдай алады. Ал жүк тасымалдау көлемі 150 тоннадан 240 тоннаға дейін ұлғаймақ. Жалпы алаңы 7500 шаршы метр болатын әуежайда телескопиялық трап, жолаушыларға, оның ішінде қозғалыс қабілеті шектеулі азаматтарға ыңғайлы болу үшін эскалаторлар мен лифттер қарастырылған. Аймақтағы қарқын алған құрылыстың бірі − «ҚазГерМұнай» компаниясының демеушілігімен қолға алынған заманауи үлгідегі 350 орындық Оқушылар сарайы. Құрылысы қарқынды сарайға 2 миллиард 350 миллион теңге бөлінген. Бұл ғимарат та тамыз айында тапсырылмақ.

Сонымен бірге өңірде қуаттылығы 240 мегаватты құрайтын жылу-электр орталығының да іргетасы қаланды. «Акса энерджи» түрік компаниясымен бірлескен жұмыстар 2025 жылы аяқталмақ. Бұл арқылы қала аумағы сапалы жылу және электр энергиясымен толық қамтылатын болады. Сондай-ақ жуырда Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылорда музыкалық колледжінің жаңа ғимаратының іргетасы қаланды.  Үш қабатты ғимарат 650 орынға арналған, құрылыс жұмыстары тамыз айында аяқталады деп жоспарлануда. Жобаның жалпы құны – 4,8 миллиард теңге, бас мердігер – «Интегрострой» ЖШС.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы және Үкіметтің Сыр өңіріне жан-жақты қолдауының нәтижесінде аймақта жүзеге асырылып жатқан ауқымды жобалар көп.  Соның бірі − «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы. Жоба аясында өңірде 12 300 орынға лайықталған 21 мектеп салынуда. Өткен жылы 10 мектептің құрылысы басталса, биыл тағы 11 мектептің іргетасы қалануда. Сол жағалаудағы «Білімді қолдау қорының» қаржысына бой көтерген, құны 7 миллиард 900 миллион теңгені құрайтын дарынды балаларға арналған 300 орындық жатақханасы бар 400 орындық физика-математика бағытындағы мектеп-интернат тамыз айында аяқталып, жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі. Мемлекет басшысының «Елімізде кем дегенде 3 жоғары оқу орны жасанды интеллект саласымен айналысуы керек» деген тапсырмасына сәйкес Қорқыт ата университеті базасында Корея Республикасы Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университетінің Жасанды интеллект және информатика жоғары мектебі құрылды. Облыс орталығында «Шығармашылық академиясы», екі ауданда Оқушылар үйі мен Өнер мектептерінің құрылысы да салынады. Одан бөлек, ауылдар мен елді мекендерде бірнеше мәдениет үйлері мен спорт кешендерінің құрылысы жүргізіліп, ел игілігіне табысталды.

Тағы да оқыңыз: