Kyzylorda-news.kz Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу бағытында аудан көлеміндегі білім беру ұйымдарында білім алушылармен ата-аналар арасында түсіндірме жұмыстары кеңінен жүргізілуде.
Атап айтқанда, ағымдағы жылдың сәуір айының 24-і күні Қазалы ауданы, Жанқожа батыр ауылы №94 орта мектептің оқушылары және ата-аналар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау, қоғамдағы келеңсіз жайттардан сақтану, ішкі тәртіп талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Қазалы ауданы полиция бөлімінің Ювеналды полиция тобының аға инспекторы полиция майоры Махаббат Бегалиева және Қазалы ауданы білім бөлімінің қызметкері Болат Айымқұловтың қатысуымен оқушылар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында қазіргі таңдағы жасөспірімдер арасындағы мәселелерге кеңінен тоқталып, заң талаптары кеңінен түсіндіріліп, орын алып жатырған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстық іс-әрекеттердің алдын-алу жолдарын таныстырып, құқық бұзған жасөспірімдерге қолданылатын шаралар және жазалар жайлы мағлұмат берілді.
Жастар арасында әлімжеттік пен құқық бұзушылықтын алдын алу, «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу», білім алушылар арасында жаман әдетке үйір болмау, түнгі рейдтер туралы, ішкі тәртіпке бой ұсыну, темекі, ішімдік заттарынан аулақ болу, бір-біріне үстемдік жасамау сияқты жаман әдеттердің алдын-алу тақырыбында әңгіме жүргізілді. Әсіресе, бопсалау сынды теріс әрекеттерге барудың аяғы жақсылыққа апармайтындығы баса айтылды. Жамандыққа бармаудың жолы бос уақытты тиімді пайдалану екенін түсіндірді.
Сонымен қатар, «Құқық бұзушылыққа, қылмысқа және кәмелетке толмағанға қарсы жасалған қылмысқа жол бермеу, интернет қауіпсіздігі мен кибербуллинг, лудомания мен нашақорлықтың, зорлық-зомбылықтың алдын-алу» тақырыбында еркін форматта түсіндіру жұмысын жүргізді.
Бұл ұйымдастырылған кездесудің мақсаты – жастардың адам тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау болып табылады.
Кездесу барысында аталған мәселелер бойынша оқушылар сала мамандарына қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға нақты жауаптар алды.
Баланың бас ұстазы – ата-анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Бүгінгі мақсат - әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан-жақты дамуына ата-ана мен мектеп жағдай жасап, біріккен одақ құра білу керек.
Бекарыстан би ауылы, №24 орта мектепте 2024 жылдың 24 сәуір күні «Балалар мен жасөспірімдер арасында орын алатын құқық бұзушылықтың алдын-алу, топтық төбелесті болдырмау және өрт, су қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру» тақырыбында жалпы, ата-аналар жиналысы болып өтті.
Жиналысқа бөлімнің ЖПҚб-нің ЮПт-ның аға инспекторы полиция майоры Махаббат Бегалиева және аудандық білім бөлімінің әдіскері Болат Айымқұлов қатысты.
Ұрпақ тәрбиесі - ең ұлы міндет десек, осы міндетті мүлтіксіз орындау мектеп педагогтарымен қатар, ата-аналардың да жауапкершілігінде.
Сондықтан, жиынның түйіні - бала болашағын қалыптастыруда ата-ана мен ұстаз үнемі бірлікте болса ғана, қоғамды дұрыс бағытта қалыптастыратын саналы ұрпақ тәрбиеленетіндігі айқын екендігіне көз жеткізу.
