Kyzylorda-news.kz. Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай отбасындағы әке мен ер азаматтың рөлі мен мәнін ұғындыру мақсатында «Қазақ отбасындағы әкенің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараға колледжде құрылған «Ер ардагерлер» құрамы Қ.Саниязов, Қ.Нұртаза, «Шипагер» қалалық емханасының терапевт – дәрігері Ә.Таубай, қалалық емхана психологы Ж.Сағымбай, колледжішілік «Қамқоршылық» кеңесі мен «Әкелер» кеңесінің мүшелері және білім алушылардың әкелері қатысты.

Шараны колледж директоры А.Мусаев ашып беріп, бүгінгі дөңгелек үстелдің мақсаты мен тақырыбының ең өзекті екендігіне тоқталды.

Шара барысында колледж педагог – психологы Е.Баекеев «Қазақ отбасындағы әкенің рөлі», «Қамқоршылық» кеңес мүшесі, ата - ана Д.Салмурзаев «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуда колледж бен отбасы - серіктестер», «Шипагер» қалалық емханасының терапевт – дәрігері Ә.Таубай «Зиянды әдеттерден аулақ болайық!» тақырыптарында баяндама жасаса, «ер ардагерлер» Қ.Саниязов, Қ.Нұртаза тақырып аясында өз пікірлерін, ойларын жеткізіп, отбасылық тәжірибелерін ортаға салды. 

Одан әрі әкелердің ой-пікірлерін білу мақсатында бала тәрбиесіне қатысты жағдаяттық сұрақтар беріліп, жауаптары дөңгелек үстел басында талқыланды. 

Шара аясында «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді» тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, әкелерге жадынамалар таратылып, әсем әндер шырқалып, қалалық емхана психологы Ж.Сағымбай әкелерге бала тәрбиесіне қатысты кеңестерін ұсынды. Дөңгелек үстелді директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Жаңылова қорытындылап, келген қонақтар мен әкелерге ризашылығын білдірді.

Тағы да оқыңыз: