Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретінін, қарсы күрес жалпы ұлттық деңгейде жүргізілуге тиіс екендігін айқындады. Осыған сәйкес Бас Прокурор Б.Н.Асыловтың төрағалығымен есірткінің заңсыз айналымына қатысты кеңейтілген Үйлестіру кенесі өтіп, осы бағытта нүктелі тапсырмалар берілді. Өз кезегінде 09.03.2023ж. Қызылорда облысының прокуроры Н.Д.Бижановтың бастамасымен облыс аумағында барлық есірткіге қатысты қылмыстармен күресу және оның алдын алу «Есірткісіз аймақ» жобасы әзірленіп, қазіргі кезде кеңінен жүзеге асырылуда.

Аталған жобаның басты бағыты – мүдделі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру заңсыздыққа қарсы күресте есірткі айналымы және нашақорлықтың алдын алу. Мақсаты – жер алқаптарына есірткі затын егу деректерін жою, қолданушы азаматтардың санын азайту, уәкілетті және құқық қорғау органдарының жауаптылықтарын қатаңдату. Сонымен қатар құқық қорғау және уәкілетті органдардың өзара жүйелік әрекеттесуін үйлестіру, есірткі алқаптарын жаңа технологияларды қолдану арқылы анықтау, жер ресурстарына бақылауды күшейту. Осынын негізінде үстіміздегі жылдың. маусым айында Қазалы ауданы прокуратурасының бастамасымен қадағалау аймақта есірткі қылмысының алдын алу бағытында барлық елді мекендердің жер учаскелерін аралау мақсатында құрылған жұмысшы топ іс-сапарға шықты.

Аталған іс-шараға аудан прокуроры – топ жетекшісі Д.Әбіш пен топ мүшелері шығып, ауданның Өркендеу, Бірлік, Аранды, Бозкөл, Қызылкұм, Тасарық ауылдық округтері мен Ажар, Тасөткел, Лахалы елді мекендерге тиесілі жалпы 1 500 000 жуық гектар жерлері араланды. Жүргізілген кешенді жұмыстардың нәтижесінде 09.06.2023ж. Қазалы ауданы, Қызылқұм елді мекеніне қарасты далалықтан есірткі өсімдігіне ұқсас 1086 түп өсімдік егілгені анықталып, оларды егумен айналысқан 4 азамат ұсталды. Аталған дерек бойынша Қазалы аудандық полиция бөлімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Қазіргі уақытта аталған 4 тұлғаға қатысты аудандық соттың қаулысымен «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Құрметті Қазалы ауданының тұрғындары мен қонақтары! Қызылорда облысының табиғи-климаттық жағдайы (есірткіге тыңайтқыш компонент) жоғары сорттағы тетрагидроканнабинол қарасора құрамдағы есіртікі өсімдіктерін егіп шығаруға бейім. Соңғы бес жылда облыс көлемінің далалық жерінде 194 есірткі алқабы анықталып, одан 3 мың тонна немесе 133 мың түп «Үнді қарасора» мен «Голандиялық қарасора» есірткі заты тәркіленген. Егер Сіз есірткі сайттарын насихаттау, жарнамалау, есірткі, психоактивті заттарды сақтау немесе өткізу фактілерін және есірткіге қатысы бар адамдар туралы хабардар болсаңыз, құқық қорғау органдарына 102, 2-15-17 немесе 21-3-64 байланыс нөмірлерге хабарлай аласыз.

Тағы да оқыңыз: