Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданының тұрғындары таңғы сағат 7.00-ден бастап өз сайлау учаскесіне келіп, дауыс беруде. Маңызды сәтке жауапкершілікпен қарап, ең алғашқы болып дауыс беруге келген тұрғынның бірі Сайлау Кәдірбай. 

«Мен азаматтық борышымды өтеп, дауыс беруге келдім. Әрбір азамат сайлауға келуге міндетті. Бұл Қазақстанның болашағы үшін, өзіміз үшін өте маңызды деп ойлаймын. Сондықтан да бүгін өз таңдауымды ерте келіп жасадым», - дейді белсенді тұрғын.

Ең бірінші болып келіп, белсенділік танытқан азаматқа №62 сайлау учаскесінің төрағасы Ерік Дәкенов иығына шапан жапты.

Тағы да оқыңыз: